Архив Новости - Page 6 of 9 - Mahambet-teatr.kz

Фестиваль

Құрметті көрермен!
Атырау облысы әкімінің қолдауымен, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен ХІХ ғасырдың ең көрнекті ақыны, жалынды жырау, жалаугер батыр, күйші-композитор Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына арналған республикалық театрлар фестивалі туын көтергелі тұр. 13-18 қараша аралығында Атырау төрінде ұлы бабамыздың атын асқақтатар фестивальге асығып 6 театр ұжымы, атсалып өнер қайраткерлері, театр сыншылары келеді. Өнердің оты лаулайтын, шынайы бәсекенің көркін қыздыратын дүбірлі додаға сіздерде асығыңыздар, ағайын! Кіру тегін.

Төкпе жырдың төресі

Зар заман поэзиясының көрнекті өкілі, әйгілі жырау Мұрат Мөңкеұлының туғанына биыл — 180 жыл. Осыған орай, Атырау облысы әкімінің, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Төкпе жырдың төресі» атты Мұрат ақынның шығармашылығы мен өмір жолына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

«Бейбарыс» қойылымы — Мысыр төрінде…

Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аясында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Мысыр елінің астанасы Каир қаласына гастрольдік іс-сапармен барып келді. Атырау облысы әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-сапар барысында арнайы делегация құрылып, оны облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бастап барды. Каир қаласының
«CAIRO OPERA HOUSE» театрында көрнекті жазушы Рахымжан Отарбаевтың “Бейбарыс” әфсанасы сахналанды. Қойылымды тамашалауға Каир губернаторы Кальюбии, опера театрының басшысы Халед Дагер, жергілікті белгілі генерал Абдулхамид Әл Хагтан және Қазақстан республикасының Мысыр Араб Респуликасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф қатысты. Қыпшақ даласынан құлдыққа сатылып, кейін мәмлүктер мемлекетінің төртінші сұлтаны болып 17 жыл билік құрған ұлы тұлғаның қарама-қайшылыққа, күреске толы тағдырын, туған жерін, жусан иісін аңсаған ұлы сағынышын сипаттайтын қойылымды — Каир көрермендері зор ықыласпен көріп, жылы лебіздерін білдірді. Театр ұжымы бабамыздың жүріп өткен жерінде, Каирдің төрінде қазақ тілінің үнін, домбыраның әуезін естіртіп, сұлтанның өзі салдырған мешітте дұға етіп, елге оралды. Осы орайда, осындай тарихи іс-сапарға шығуға қолдау көрсеткен Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлына ұжым атынан ризашылық білдіреміз.

Бас Жүлде қанжығамызда

Сұлу Көкше бауырында өткен V ТеART-Көкше Халықаралық театр фестивалінде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Бас Жүлде — Алтын Қыранды жеңіп алды…
Фестивальге 13 кәсіби театр, оның ішінде 6 қазақ театры қатысқан болатын. Көрнекті жазушы Р. Отарбаевтың «Жалғыздық» әңгімесінің негізінде белгілі режиссер Мұқанғали Томанов сахналаған қойылым бұған дейін де шетелде топ жарған болатын.Аруақты батыр Махамбет атындағы академиялық театрдың шығармашыл ұжымы басым бөлігі орыс тілінде қойылған пьесалар ішінде ана тілінің, ұлт драматургиясының, Атырау театрының өнеріне тәнті етті.
Барша Атыраулықтарды айтулы қуанышпен құттықтаймыз!!!

Тимур Бекмамбетов театрымызға іс-сапармен келді

МАХАМБЕТ АТЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫНА БЕЛГІЛІ КИНО РЕЖИССЕР,ПРОДЮСЕР АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУМАСЫ ТИМУР БЕКМАМБЕТОВ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ.
ІС-САПАР БАРЫСЫНДА АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТЕАТРМЕН БІРІГІП ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ҰСЫНЫСЫН БІЛДІРІП,ҮЛКЕН ЖОСПАРЛАРЫМЕН БӨЛІСТІ!
БОЛАШАҚТА ҮЛКЕН ЖОБА КҮТІЛУДЕ!!!

86-маусымның ашылуы

14-қыркүйек күні театрдың 86-шы маусымы көрнекті жазушы-драматург Р.Отарбаевтың “Бейбарыс” тарихи драмасымен (әфсана) ашылды. Спектакль басталмас бұрын театр басшысы Сағынтай Көпжасаров сахнаға шығып, көпшілікпен ұжым жаңалықтарын бөлісіп, осы қойылыммен Египет астанасы Кайр қаласына гастрольдік сапардың жоспарда тұрғанын атап өтті. Жаңа маусымның ашылуына жиналған көрермен-қауым тарихи қойылымға тәнті болып, зор қошемет көрсетті. Алдағы уақытта көрермендерімізді қуанта береміз деген ойдамыз…

Қыркүйек айының репертуары

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР КӨРЕРМЕН 86-ШІ МАУСЫМНЫҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНДА АШЫЛАДЫ НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ РЕПЕРТУАРЫН ҰСЫНАМЫЗ.
Спектакльдердін басталу уақыты 19:00.
Билеттер театр кассасында жане де ticketon.kz сайтында сатылатынын қаперлеріңізге саламыз!!!
☎️Каса: 32-22-77 87027775687

Абай күні

Бүгін халқымыз ұлт ұстазы, кемеңгер ағартушы, қазақтың бас ақыны Абай күнін тойлады. Атырауда «Абай» орталығының алдында орналасқан Абай ескерткіші алаңында рухани мереке ерекше аталып өтті. Іс-шараға өңірдің зиялы қауымы, ел ағалары мен басшылар, жергілікті өнерпаздар қатысты. Рухани шара Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры актерларының театрландырылған көрінісімен ашылып, жиналған қауымның ақын ескерткішіне гүл қоюымен жалғасты. Шараға қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев лебізін білдіріп, көпшілікті құттықтады. Сонымен қатар, белгілі ақын, профессор Қадір Жүсіп және елағасы, қоғам қайраткері Мұрат Өтешов сөз алып, ұлы ұстаз хақында толғамды ойларымен бөлісті. Көрермен-көпшілік Абай ұстанған заттардың көшірме экспонаттары және кітап көрмесімен танысып, ақын әндері мен жырларына сусындады. Жыл сайын дәстүрлі өтетін Абай күні — халқымыздың рухани мерекесі. Рухымызды көтеріп, жандүниемізді жадыратқан Абай күні құтты болсын!

85-маусымның жабылуы


2023 жылдың 3-маусым күні 85 маусымның жабылуына орай Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасы қойылып, театр шымылдығы жабылды. Зал толы көрермен ыстық ықылас, зор қошеметпен тарихи драманы тамашалады. Тарих қойнауына табысталып отырған бұл маусымда бірнеше жаңа қойылымдар қойылып, Астана, Түркістан қалаларына гастрольдік сапар ұйымдастырылып және Чапай Зұлхаш атындағы І республикалық режиссерлар мен сценографтардың фестивалі жоғары деңгейде өткен болатын. Қорытынды кешке қатысқан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Тауфиқұлы Жоламанов ұжымның жетістігін айта отырып, маусымның жабылуымен құттықтады. Жұмыс бабымен Астана қаласына қоныс аударып жатқан актер Мусағалиев Асхатқа актриса Танашева Меруертке, актер Нұрбек Сьезханға, және де балетмейстер Анар Есенғалиеваға облыс әкімі мен өз атынан алғыс хатпен марапаттады. Әбіл Тауфиқұлы жабылып отырған маусымдағы қызу жұмыстың жаңа маусымда да жалғасуын тілеп, жақсы істер атқарылатынына сенім білдірді. Театр ұжымы бір ай көлемінде демалысқа кетіп, жаңа 86 маусымға дайындалатын болады.