Халықаралық театр күні - Mahambet-teatr.kz
28/03/2024

Халықаралық театр күні

27 наурыз күні Халықаралық театр күніне орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының мерекелік кеші өтті. Іс-шараға облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Тауфиқұлы Жоламанов қатысып, ұжымды театр күнімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің, облыстық мәслихаттың және «Қазақстан театрлар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің «Алғыс хаттарын» табыстады.
Атаулы дата аясында марапатын ала келген
«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрайымы Гүлнар Сатуқызы да театрдың қызметкеріне «Еңбек даңқы» төсбелгісін, Құрмет грамотасы мен алғыс хаттар тапсырды.
Театрдың көркемдік жетекшісі, «Құрмет» орденінің иегері Темірбек Мәжитұлы сахнаға шығып, арнайы номинациялар табыстаса, өз кезегінде театр басшысы Сағынтай Сатыбалдыұлы жыл үздіктерін марапаттады. Көркемдік кеңестің шешімімен биыл «Жыл актері» – Серикбаев Әзілхан болса, «Жыл акрисасы» – Әйгерім Қабдешова атанды. Ал, «Жыл режиссері» болып Гүлназ Қамысбаева танылды.
Театр күнінде марапатталған әріптестерімізді құттықтаймыз!