Фестиваль - Mahambet-teatr.kz

Фестиваль

 

Жезқазған қаласында өктен Ж.Хаджиев атындағы халықаралық театр фестиваліне Ә.Дәулетбаеваның «Толқындар жағада өледі» драмасымен қатысып, «Қазіргі кезең проблемасына заманауи көзқарасы үшін» номинациясымен марапатталды.

Ж.Хаджиев атындағы халықаралық театр фестивалі


Жамбыл облысында өткізілген Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына арналған театрлар фестиваліне М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» драмасымен қатысып, актриса Шакизада Күзембай – «Үміт» номинациясымен марапатталды.

Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына арналған театрлар фестивалі


Қостанай қаласында өткен«QITFEST» халықаралық фестиваліне Р.Отарбаевтың«Жалғыздық» драмасымен қатысып, жүлделі III орын иеленді.

Шабыт алаңы


Ақтау қаласында өткен III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестиваліне Р.Отарбаевтың«Бейбарыс» әфсанасын арнайы шақыртумен барып сахналады.

III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестивалі


Театр ұжымы 26-30 мамыр күндер аралығында Ресей Федерациясының Санкт – Петербург қаласында өткен А.Брянцев атындағы Жас көрермен театрының 25-ші халықаралық театрлар фестиваліне арнайы шақыртуына орай Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» шерімен қатыcты.

Өнерде шекара жоқ


13-18 қараша аралығында Атырау төрінде өткен фестивальге 6 театр ұжымы келіп қатысты. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры,  С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қалалық сазды драма театры, Ш.Құсайынова атындағы Көкшетау облыстық қазақ музыкалық драма театры, І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры және Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры өнер көрсетті. Фестивальде Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры — Т.Әлімқұлов «Қош бол, Қараой» драмасымен Бас жүлде иегері атанды.

Фестиваль туралы


Атырау қаласында 2023 жылдың 7-10 маусым күндер аралығында Қазақстанныңеңбексіңіргенөнерқайраткері, «Атырау облысының құрметтіазаматы», көрнекті режиссер Чапай Зұлхашатындағы І Республикалықрежиссерлар мен сценографтардың фестиваль-форумы өтті.

Чапай Зұлхаш атындағы І Республикалық режиссерлар мен сценографтардың фестиваль-форумы өтті


Қазақтың көрнекті жазушы-драматургы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Атырау қаласының құрметті азаматы» Рахымжан Қасымғалиұлы Отарбаев атындағы дәстүрлі республикалық ІҮ театр фестиваліАтырау қаласында 2022 жылы қараша айының 23-27 күндері өтті.

Рахымжан Отарбаев атындағы IV Республикалық театрлар фестиваль форумы өтті


Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының 30 жылдығы аясында Хадиша Бөкееваның туғанына 105 жыл толуына орай І Республикалық моноспектакльдер фестиваліне А.Чеховтың «Апалы — сіңлілер»  драмасымен қатысты.


Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры 27 маусым мен 4 шілде аралығындағы Түркия Республикасы, Анталья қаласындағы өткізілген «ХІ Antalya Uluslararasi» атты түркі тілдес елдердің театр фестивліне Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» шерімен қатысып «Ең үздік спектакль» номинациясымен марапатталды.

«ХІ Antalya Uluslararasi» атты түркі тілдес елдердің театр фестивлі


2019 ж.18-23 қараша күндер аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың  «ІІІ — Республикалық театр фестивалі» өткізілді.

Рахымжан Отарбаевтың «ІІІ — Республикалық театр фестивалі»

 


2017 жылдың Қазан айының 17-23 күндері аралығында театр ұжымы Македония республикасы, Велес қаласында өткізілген «STOBI» антикалық драмалар  фестиваліне Еврипид «Медея» трагедиясымен  қатысып, дипломант атанды.

«STOBI» антикалық драмалар  фестивалі

 


2017 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестиваліне Р.Отарбаевтың «Бас» драмасымен қатынасып «Өзекті тақырыпты көтергені үшін» номинациясымен марапатталды.

Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалі


Жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы І Республикалық форум – фестиваліне театр ұжымы Ш.Айтматовтың «Мәңгүрт» драмасымен қатысып, қоюшы режиссер Қамысбаева Гүлназ І орынды иеленді.

Жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы І Республикалық форум – фестивалі өтті


2017 жылдың мамыр айының 20-25 күндер аралығында Театрда Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш» және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері, ақын- драматург Иран-Ғайыптың (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев) «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ» республикалық  театрлар  фестивалі өткізілді.

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ» республикалық театрлар фестивалі


2016 жылдың 27-30 қараша күндері аралығындаҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың  ІІ «Халықаралық театр фестивалі» өткізілді.

Рахымжан Отарбаевтың ІІ «Халықаралық театр фестивалі» өтті


2017 жылдың 12-15 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында өткізілген «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» арналған республикалық театр фестивалінде театр ұжымы қатысып, қоюшы режиссер Қамысбаева Гүлназ «Режиссерлік шеберлігі үшін» номинациясын жеңіп алды.

Т.Ахтанов атындағы драма театрда Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық 5 күндік фестивалі  өтті


2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың  І «Халықаралық театр фестивалі» өтті.

Рахымжан Отарбаевтың І «Халықаралық театр фестивалі» өтті.