Чапай Зұлхаш атындағы І Республикалық режиссерлар мен сценографтардың фестиваль-форумы өтті - Mahambet-teatr.kz
03/07/2023

Чапай Зұлхаш атындағы І Республикалық режиссерлар мен сценографтардың фестиваль-форумы өтті


Атырау қаласында 2023 жылдың 7-10 маусым күндер аралығында Қазақстанныңеңбексіңіргенөнерқайраткері, «Атырау облысының құрметтіазаматы», көрнекті режиссер Чапай Зұлхашатындағы І Республикалықрежиссерлар мен сценографтардың фестиваль-форумы өтті.
Фестиваль- форумға 15 арнайы қонақ (Мемлекет, өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, режиссерлар, театр сыншылары, БАҚ өкілдері) қатынасты. Іс-шара аясында өнер майталмандарымен шеберлік сыныптары, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.

Фестиваль – форумныңмақсаты:Қазақ театр өнерінің, отандық режиссура жәнесценографияныңдамуынақолдаукөрсету;Театр ұжымдарыарасындамәденибайланыстыдамыту, фестивальгеқатысушышығармашылықұжымдарарасындатәжірибеалмасуғажағдайжасау;

Фестивальге республика бойынша 6 кәсіби театр ұжымы қатынасты.
-«Алатау» дәстүрлі өнер театры,
-Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мемлекеттік Қуыршақ театры,
-Ақмола облыстық орыс драма театры,
-Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ муызка драма театры,
-Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры,
-Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры

Фестивальде қазылық еткен қазылар алқасының құрамы:

1.Төраға – Еркін Жуасбек -ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры» РМҚК директоры

Мүшелері:
1. Мұрат Сапаров, ҚазақстанСуретшілеродағыныңмүшесі, М.Әуезоватындағықазақұлттықмемлекеттік драма театрының бас суретшісі, сценограф
2. СағызбайҚарабалин, ҚР еңбексіңіргенқайраткері, Ғ.Мүсіреповатындағықазақмемлекеттікбалалар мен жасөспірімдертеатрыныңактері, режиссер
3. АманкелдіМұқан, М.ӘуезоватындағыӘдебиетжәнеӨнеринститутының театр және кино бөлімініңмеңгерушісі, Т.Жүргеноватындағықазақұлттықөнеракадемиясыныңдоценті, өнертанушы
4. МұқанғалиТоманов, Махамбет атындағыакадемиялыққазақ драма театрыныңкөркемдікжетекшісі, «Махамбет» сыйлығының лауреаты, режиссер
Фестиваль – форумдаспектакльденбөлек, режиссура және сценография бойыншажасмамандарғашеберліксағаттарыөтті.
Фестивалдің бірінші күні 2023 жыл 7 маусымда Чапай Зұлхаш өзі тұрған үйде Мемориалдық тақтаның ашылуымен басталды. Фестивальдің алғашқы күніАбай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының Абай «Бес нәрсе» драмасымен басталып, 10 маусым күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қойған О.Бөкей «Қар қызы» драмасымен жабылды. Фестиваль форумының ресми жабылуы мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті. Салтанатты кеште ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті, Театр өнері басқармасының басшысы Нұрбекова Алтынгүл Жақсылыққызысөз сөйлеп Мәдениет министрлгінен келген арнайы хатты табыстады.

Арнайы номинациялар:

1. «Чапай Зұлхаш атындағы арнайы номинация» – «Алатау» дәстүрлі өнер театры. М.Әуезов «Айман-Шолпан» қойылымы үшін;
2. «Үздік режиссер» -ҒабитМүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. О.Бөкей «Қар қызы» қойылымы үшін -Шағуан Үмбетқалиев;
3. «Үздік сценограф» – Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мемлекеттік қуыршақ театры. Еврипид «Медея» қойылымы үшінАлтынай Жүсіпәлі;
4. «Үздік актер» – Ақмола облыстық орыс драма театры. М.Әуезов «Лютый» қойылым үшін – Жақып Мадияр;
5. «Үздік актриса» -, Жүсіпбек Аймауытов атындағы павлодар облыстық қазақ муызка драма театры. Разумская «Қымбатты Елена Сергеевна» қойылымы үшін – Құрбанова Бахаргүл;
6. «Көрермен көзайымы» – Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры. Абай «Бес нәрсе» қойылымы үшін;