2017 жылдың мамыр айының 20-25 күндер аралығында Театрда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш» және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері, ақын- драматург Иран-Ғайыптың (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев) «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ» республикалық театрлар фестивалі өткізілді.
Фестивальге М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облыстық Х.Бөкева атындағы қазақ драма театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрлары қатынасып, өз өнерлерін көрсетті. Фестивалге қатысқан ұжымдардың өнерін бағалау үшін төрелік еткен қазылар құрамында – КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әйгілі режиссер – Ионасс Вайткус, ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суретші-Төлепбаев Ерболат, өнертанушы — Ахмедиярова Нұрбике, мәдениеттанушы, дәстүрлі әнші- Қосанова Айгүл, жазушы-журналист, «Айқын» газетінің Бас редакторы- НұртөреЖүсіп, жазушы-журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы – Жұмабай Шаштайұлы, өнертану магистрі, театртанушы-Абулгазиева Салтанат секілді тұлғалар болды. Фестивалге театр Иран – Ғайыптың «Сүйінбай» драмасымен қатынасты.

Cоңғы жаңалықтар