Рахымжан Отарбаев атындағы IV Республикалық театрлар фестиваль форумы өтті - Mahambet-teatr.kz
01/12/2022

Рахымжан Отарбаев атындағы IV Республикалық театрлар фестиваль форумы өтті

Қазақтың көрнекті жазушы-драматургы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, «Атырау қаласының құрметті азаматы» Рахымжан Қасымғалиұлы Отарбаев атындағы дәстүрлі республикалық ІҮ театр фестиваліАтырау қаласында 2022 жылы қараша айының 23-27 күндері өтті.

Фестиваль форумға елуден астам арнайы қонақ (Мемлекет, өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, режиссерлар, театр сыншылары, БАҚ өкілдері) қатынасып, тамашалады. Іс-шара аясында өнер майталмандарымен шеберлік сыныптары, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.

Фестивальге республика бойынша 6 кәсіби театр ұжымы қатынасты.

  1. БҚО Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры – «Жәңгір хан» драмасы
  2. Шымкент қалалық «Қуыршақ және жасөспірімдер театры» – «Шыңғысханның көз жасы» драмасы
  3. Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық Семей драма театры – «Мұстафа Шоқай» драмасы
  4. Шығыс Қазақстан облыстық драма театры – «Көлеңке» («Айнағұмыр») драмасы
  5. Ақмола облыстық орыс драма театры – «Бейбарыс» драмасы
  6. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – «Қытайдан жеткен сәлемдеме» драма

Фестивальге қазылық еткен қазылар алқасының құрамы:

1.Төраға – Еркін Жуасбек -ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Ұлттық  драма театры» РМҚК директоры

 Мүшелері:

  1. Нұрлан Жұманиязов – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, режиссер
  2. Анар Еркебай – Театр сыншысы
  3. Асылбек Ихсан – Жазушы, драматург, режиссер. ҚР Жазушылар одағының мүшесі
  4. Қабыл Халықов – Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры,Философия ғылымдарыныңдокторы, профессор,сценограф

Фестивалдің 2022 жыл 23 қараша, сағат 16.00-де өтті. Ашылу салтанатында Р.Отарбаев атындағы республикалық театрлар фестивалінің Бас жүлдегері, Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры «Бейбарыс» (реж. М.Томанов, Ж.Телтаев) тарихи драмасының үзіндісін сахналады. Сондай-ақ Махамбет театры 27 қараша, сағат 11.00-де Р.Отарбаевтың «Жалғыздық»шерін (реж. М.Томанов)көрермен назарына ұсынып, сағат 16.00-де Р.Отарбаев атындағы республикалық театрлар фестиваль форумының ресми жабылуы мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.

Бас жүлде

Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры «Қытайдан жеткен сәлемдеме» қойылымы үшін

І орын

Ақмола облыстық орыс драма театры «Бейбарыс» қойылымы үшін

ІІ орын

Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры «Мұстафа Шоқай» қойылымы үшін

ІІІ орын

Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры «Хан Жәңгір» қойылымы үшін

 Арнайы номинациялар:

«Үздік сценография» Ниязакунов Сабыр Бакаевич-Ақмола облыстық орыс драма театрының суретшісі

«Үздік ер адам» (үлкен Өмірбай) – ҚапалбаевМұхтар- М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актеры

«Үздік әйел адам»  (Әсем ай) –  Арай Умирова- М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы

«Үздік режисура» Луцива Ольга Богдановна- Ақмола облыстық орыс драма театрының режиссеры

«Көрермен көз айымы» Сердеш Қажымұратов – Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының актеры