2019 ж.18-23 қараша күндер аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың «ІІІ — Республикалық театр фестивалі» өткізілді.
Фестивалге Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драм театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, Ақмола облыстық орыс театры, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драмалық театры, Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының музыкалық – драмалық театры қатысып, өнерлерін бірнеше күн өнерсүйер көрерменге паш етті.
Қазылар алқасының құрамында: Актер, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері — Асанәлі Әшімов төрағалық еткен қазылар құрамын Қазақстанның халық артисі, профессор — Есмұхан Обаев Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Кажмуратов Сердеш, ҚР Халық әртісі, профессор – Талғат Теменов, Жазушы, әдебиет танушы, ҚР жазушылар одағының мүшесі – Ұларбек Нұрғалым, театр сыншысы – Айсұлу Қадыралиева, Р.Отарбаевтың қызы – Қаракөз Отарбаева қатысты. Фестивалге Махамбет театры Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» шерімен қатысып, «Бас жүлде» жеңіп алды.

Cоңғы жаңалықтар