Театр барысы - Mahambet-teatr.kz
01/03/2024

Театр барысы

Құрметті оқырман!
Бүгін Астана қаласынан ақжолтай хабар жетті. Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өткен ІІ республикалық «Театр барысы» турнирінде театрымыздың жігіттері жеңіс тұғырынан көрінді. Театр актерлері Нұрбек Омар 66 кг салмақта жүлделі 2 – орын иеленіп, 300 мың теңгемен марапатталса,
Асланбек Жанбалаев 90+кг салмақта чемпион атанып 500 мың теңге және чемпион белдігін иеленді. Театрымыздың барыстарын бүгінгі жеңісімен құттықтаймыз!