Премьера - Mahambet-teatr.kz
02/03/2024

Премьера

Құрметті көрермен!
2-3 наурыз күндері көптен бері көрермендеріміз асыға күткен Ә.Нұршайықовтың “Махаббат, қызық мол жылдар” романы желісімен режиссер Гүлназ Қамысбаева сахналаған драмасының премьерасы өтті.
2 күн қатарынан 4 рет қойылған спектакльде көрермен залы лық толы болды. Қойылымның басты рөлінің бірі Меңтай рөлінде – арнайы шақырумен келген танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ойнап шықты.
Ал, Ербол рөлінде – Бақытжан Өтеғалиев және Бекет Зинуллин көрермен қошеметіне бөленді. Премьераны арнайы көріп, ғылыми сараптама жасап, баға беру мақсатында Алматы қаласынан Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің өкілі, театртанушы Ахмет Айжан Қадырбайқызы қатысты.
Әр көрерменнің махаббаты мен қолдауы бізге шығармашылық шабыт сыйлап, биік белестерге жетелейді! Театрдың туындысына куә болып, бізбен бірге болғандарыңызға рақмет!
Жақсы күндерде жолыққанша, сүйікті біздің көрермен!
#Махамбеттеатры #Махаббатқызықмолжылдар #Atyrau