Архив Новости - Page 8 of 8 - Mahambet-teatr.kz

Жаңа маусым репертуары

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының 85-ші маусымының ашылуы жоспарланып отыр.  Жаңа маусымның алғашқы қойылымы — Ш.Айтматовтың «Жәмила» драмасы. Қоюшы режиссері — Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, театрдың көркемдік жетекшісі Мұқанғали Томанов.

Көрермендерге етене таныстырып, алдағы іс-жоспарларды бөлісу үшін әдеттегідей баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа маусым қарсаңында театр артистері ЖОО, колледждер мен мектептердегі жас көрермендермен көптеген кездесулер де өткізбек.

Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары апта сайын демалыс күндері Махамбет атындағы академиялық драма театрының қойылымдарын тамашалай алады. Соның ішінде марапаттарға ие болған спектакльдер де бар.

Театр әртісі “Мұқағали” фильмінде басты рөлде

Құрметті оқырмандар! Сіздермен жағымды жаңалық бөліскелі отырмыз. Басты рөлін Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрының актері Асланбек Жанбалаев сомдаған, режиссер Болат Қалымбетовтың “Мұқағали” фильмі Татарстан Республикасының астанасы Қазан қаласында 2022жылдың 7-11қыркүйек күндері арасында өткен
XVIII-ші халықаралық Мұсылман елдерінің кинофестивалінде режиссер қазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды. Әріптесімізді кино өнеріндегі табысымен шын жүректен құттықтаймыз!

«Хиуаз» деректі драмасы

Еліміздегі батыс өңірі қазаққа батыр қыздарды сыйлаған мекен. Шығыстың қос шынары атанған Әлия мен Мәншүк, қазақтың жалғыз ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова еліміздің батыс аймағынан қанат қаққан. Әлия мен Мәншүктің есімдері бүгінде әр қазақтың жадында сақтаулы. Ал, Хиуаз апамыздың ерлігін екінің бірі біле бермейді. Оған себеп, ұшқыш қыздың уақытында Кеңес Одағының батыры деген атаққа қол жеткізе алмауы.

Continue reading ««Хиуаз» деректі драмасы»

Атырау театры Алматыда!

20-24 Сәуір аралығында Алматы қаласы Мұхтар Әуезов театры сахнасында өнер көрсететін болады! Гастроль барысында 5 қойылымды сахналау жоспарлануда. Билеттерді Мұхтар Әуезов театрының кассасынан және https://ticketon.kz/place/teatr-dramy-im-m-o-auezova сайтынан алуларыңызға болады.

27 наурыз Халықаралық театр күні

Кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, тарихынан сыр шертілетін киелі сахнаның арғы жағы мен бергі жағындағы қызметкерлер жаппай мерекелейді бұл күнді.

Осыдан 51 жыл бұрын халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен конгрессте 27-ші наурызды театр өнерін ұлықтауға арнауды жөн санапты. Міне, содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіледі.

Халықаралық Театр институтының басты мақсаты әлемдегі барлық театр қауымдастықтары мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы татулығы мен байланысын нығайту мен дамыту. Халықаралық театр күніне орай, алғашқы жолдауды француз жазушысы мен суретшісі Жан Кокто (Jean Cocteau, 1889—1963) жазған болатын.

Театр атауы көне грек тілінің «theatron» (θέατρον) сөзінен шыққан. Комедия мен трагедия — театрдың ең танымал жанрлары. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған.

«Театр киім ілгіштен басталады» деген тәмсіл бар. Әрине, бұл пікірде көрермен мәдениеті туралы астарлы ой жатқаны аян. Мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені де осы театр сахнасынан ұғынасыз. Сондықтан да болар, театр өнері саф өнерге баланады.

Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Ұлы өнердің ұлықталар күні.

Мәдениет саласының үздіктері

Халықаралық театр күніне орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының бір топ артистерін ҚР. Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісін облыс әкімінің орынбасары Таушов Нариман Бахытұлы табыстады.
Театрда бірнеше жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі актерлер мен актрисаларымыз Бекет Зинуллин, Нұрбек Съезхан, Ғазиза Бисенова, Мереке Қонысова, Мейрамгүл Шапиеваның кеудесінде «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі жарқырады.