Махамбет театры Астанада - Mahambet-teatr.kz
23/05/2023

Махамбет театры Астанада

Астанада қыпшақ даласының даңқты перзенті Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай туған жері Атыраудан бет түзеген өнер керуені – Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының гастрольдік сапары басталды. Махамбет театры Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасымен өз шымылдығын ашты. Елордалық көрерменге даңқты сұлтанның тұлғасы мен тағдыры туралы сыр шерткен қойылымға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы Оралов келіп құттықтады.