Халықаралық театр күні - Mahambet-teatr.kz
27/03/2023

Халықаралық театр күні

Құрметті сахнагер әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық театр күнімен құттықтаймыз!

«Театр тобырдан халық жасайтын орын» деген ділмар сөз бар. Шынымен де, кез келген ұлттың руханиятын сілкінтіп, мәдениетін қалыптастыратын ең ұлы өнер ордасы – театр сахнасы. Ал осы киелі өнердің жолында тер төгіп жүрген әртістердің қызметі – сауапты әрі жауапты.

Тағдырын театрмен байланыстырған кәсіп иелеріне шығармашылық табыс, асқақ абырой тілейміз. Әр жаңа қойылым биік белестерге бастап, әр сомдаулы рөл көрермен ұмытпас зор қошеметке бөленсін.

Жетістіктеріңіз орасан, есімдеріңіз елеулі, істеріңіз берекетті, дендеріңіз сау, орталарыңыз түгел болсын!

БАРША ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫН БҮГІНГІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!