Жаңа жылда жаңа қадам... - Mahambet-teatr.kz
04/01/2023

Жаңа жылда жаңа қадам…

Құрметті оқырман қауым! Өнер жанашырлары! Жаңа жылдың алғашқы күні жағымды жаңалықпен басталды. Бүгін Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әсия Баянқызы Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлының бұйрығы бойынша Сағынтай Көпжасаровты театр басшылығына тағайындады. Сағынтай Сатыбалдыұлы бұған дейін Д.Нұрпейісова атындағы халық аспаптар оркестрін басқарып, ұйымдастырушылық қабілетін танытқан, жалпы мәдениет саласында тәжірибесі мол маман. Жаңа басшысыны өңіріміздегі қасиетті қара шаңырақ театр мекемесіндегі жауапты қызметімен құттықтай отырып, абыройлы болуына тілектестік білдіреміз.