Архив Новости - Page 5 of 7 - Mahambet-teatr.kz

85-маусымның жабылуы


2023 жылдың 3-маусым күні 85 маусымның жабылуына орай Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасы қойылып, театр шымылдығы жабылды. Зал толы көрермен ыстық ықылас, зор қошеметпен тарихи драманы тамашалады. Тарих қойнауына табысталып отырған бұл маусымда бірнеше жаңа қойылымдар қойылып, Астана, Түркістан қалаларына гастрольдік сапар ұйымдастырылып және Чапай Зұлхаш атындағы І республикалық режиссерлар мен сценографтардың фестивалі жоғары деңгейде өткен болатын. Қорытынды кешке қатысқан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Тауфиқұлы Жоламанов ұжымның жетістігін айта отырып, маусымның жабылуымен құттықтады. Жұмыс бабымен Астана қаласына қоныс аударып жатқан актер Мусағалиев Асхатқа актриса Танашева Меруертке, актер Нұрбек Сьезханға, және де балетмейстер Анар Есенғалиеваға облыс әкімі мен өз атынан алғыс хатпен марапаттады. Әбіл Тауфиқұлы жабылып отырған маусымдағы қызу жұмыстың жаңа маусымда да жалғасуын тілеп, жақсы істер атқарылатынына сенім білдірді. Театр ұжымы бір ай көлемінде демалысқа кетіп, жаңа 86 маусымға дайындалатын болады.

Чапай Зұлхаш атындағы І Республикалық режиссерлар мен сценографтардың фестиваль-форумы өтті


Атырау қаласында 2023 жылдың 7-10 маусым күндер аралығында Қазақстанныңеңбексіңіргенөнерқайраткері, «Атырау облысының құрметтіазаматы», көрнекті режиссер Чапай Зұлхашатындағы І Республикалықрежиссерлар мен сценографтардың фестиваль-форумы өтті.
Фестиваль- форумға 15 арнайы қонақ (Мемлекет, өнер қайраткерлері, ақын-жазушылар, режиссерлар, театр сыншылары, БАҚ өкілдері) қатынасты. Іс-шара аясында өнер майталмандарымен шеберлік сыныптары, шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды.

Фестиваль – форумныңмақсаты:Қазақ театр өнерінің, отандық режиссура жәнесценографияныңдамуынақолдаукөрсету;Театр ұжымдарыарасындамәденибайланыстыдамыту, фестивальгеқатысушышығармашылықұжымдарарасындатәжірибеалмасуғажағдайжасау;

Фестивальге республика бойынша 6 кәсіби театр ұжымы қатынасты.
-«Алатау» дәстүрлі өнер театры,
-Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мемлекеттік Қуыршақ театры,
-Ақмола облыстық орыс драма театры,
-Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ муызка драма театры,
-Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры,
-Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры

Фестивальде қазылық еткен қазылар алқасының құрамы:

1.Төраға – Еркін Жуасбек -ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры» РМҚК директоры

Мүшелері:
1. Мұрат Сапаров, ҚазақстанСуретшілеродағыныңмүшесі, М.Әуезоватындағықазақұлттықмемлекеттік драма театрының бас суретшісі, сценограф
2. СағызбайҚарабалин, ҚР еңбексіңіргенқайраткері, Ғ.Мүсіреповатындағықазақмемлекеттікбалалар мен жасөспірімдертеатрыныңактері, режиссер
3. АманкелдіМұқан, М.ӘуезоватындағыӘдебиетжәнеӨнеринститутының театр және кино бөлімініңмеңгерушісі, Т.Жүргеноватындағықазақұлттықөнеракадемиясыныңдоценті, өнертанушы
4. МұқанғалиТоманов, Махамбет атындағыакадемиялыққазақ драма театрыныңкөркемдікжетекшісі, «Махамбет» сыйлығының лауреаты, режиссер
Фестиваль – форумдаспектакльденбөлек, режиссура және сценография бойыншажасмамандарғашеберліксағаттарыөтті.
Фестивалдің бірінші күні 2023 жыл 7 маусымда Чапай Зұлхаш өзі тұрған үйде Мемориалдық тақтаның ашылуымен басталды. Фестивальдің алғашқы күніАбай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының Абай «Бес нәрсе» драмасымен басталып, 10 маусым күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры қойған О.Бөкей «Қар қызы» драмасымен жабылды. Фестиваль форумының ресми жабылуы мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтті. Салтанатты кеште ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті, Театр өнері басқармасының басшысы Нұрбекова Алтынгүл Жақсылыққызысөз сөйлеп Мәдениет министрлгінен келген арнайы хатты табыстады.

Арнайы номинациялар:

1. «Чапай Зұлхаш атындағы арнайы номинация» — «Алатау» дәстүрлі өнер театры. М.Әуезов «Айман-Шолпан» қойылымы үшін;
2. «Үздік режиссер» -ҒабитМүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры. О.Бөкей «Қар қызы» қойылымы үшін -Шағуан Үмбетқалиев;
3. «Үздік сценограф» — Алматы қаласы Мәдениет басқармасының мемлекеттік қуыршақ театры. Еврипид «Медея» қойылымы үшінАлтынай Жүсіпәлі;
4. «Үздік актер» — Ақмола облыстық орыс драма театры. М.Әуезов «Лютый» қойылым үшін — Жақып Мадияр;
5. «Үздік актриса» -, Жүсіпбек Аймауытов атындағы павлодар облыстық қазақ муызка драма театры. Разумская «Қымбатты Елена Сергеевна» қойылымы үшін — Құрбанова Бахаргүл;
6. «Көрермен көзайымы» — Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры. Абай «Бес нәрсе» қойылымы үшін;

Фестиваль-форум

Маусым айының 7 — 10 күндері аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында Атыраудың абыз ұлы Чапай Зұлхаш атындағы І Республикалық режисерлар мен сценографтардың фестиваль — форумы өтеді. Аталған шара барысында республикамыздың 6 театр ұжымы өз қойылымдарын Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына паш етсе, режисерлар мен сценографтар өз білімдерін шыңдамақ.

Махамбет театры Астанада

Астанада қыпшақ даласының даңқты перзенті Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығына орай туған жері Атыраудан бет түзеген өнер керуені — Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының гастрольдік сапары басталды. Махамбет театры Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасымен өз шымылдығын ашты. Елордалық көрерменге даңқты сұлтанның тұлғасы мен тағдыры туралы сыр шерткен қойылымға ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Раздықұлы Оралов келіп құттықтады.

Халықаралық театр күні

Құрметті сахнагер әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық театр күнімен құттықтаймыз!

«Театр тобырдан халық жасайтын орын» деген ділмар сөз бар. Шынымен де, кез келген ұлттың руханиятын сілкінтіп, мәдениетін қалыптастыратын ең ұлы өнер ордасы – театр сахнасы. Ал осы киелі өнердің жолында тер төгіп жүрген әртістердің қызметі – сауапты әрі жауапты.

Тағдырын театрмен байланыстырған кәсіп иелеріне шығармашылық табыс, асқақ абырой тілейміз. Әр жаңа қойылым биік белестерге бастап, әр сомдаулы рөл көрермен ұмытпас зор қошеметке бөленсін.

Жетістіктеріңіз орасан, есімдеріңіз елеулі, істеріңіз берекетті, дендеріңіз сау, орталарыңыз түгел болсын!

БАРША ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫН БҮГІНГІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!

Атырауда Амал мерекесі тойланды

14 наурыз — Көрісу күніне орай Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театры алаңында «Амал келді — жыл келді» атты мәдени-көпшілік шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Концерттік бағдарлама «Көрісу» атты театрландырылған қойылыммен ашылды. Облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындарды әз Наурыздың жаршысы — Көрісу күнімен құттықтады.

— Біз үшін бүгін ерекше күн! Бұл күні тек көктеммен бірге тіршілік оянып қана қоймай, қыстан аман шыққан халық ағайынның амандығын біледі. Сондай-ақ, пендешілікке салынып араздасқан жандар кешірімдесіп, татуласатын күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, өркениеті дамыған елдердің мәдениеті араласқанда өзіміздің мәдени құндылықтарымызды жоғалтып алмай, берік болуымыз керек. Көрісу — ата-бабамыздан бойымызға біткен текті дәстүр. Оны ешқашан ұмытпай, жастарға дәріптеуіміз керек. Қадірлі ағайын! Көрісу күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,-деді С.Шәпкенов.

Мерекелік шара М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театр әртістерінің өнерімен жалғасты. Олар көрісу салтын сахналап, сал-серілер өнерін ортаға салды. Жігіттер мен қыздар айтысты. Ақсақалдар ақ батасын беріп, жас келіндер қонақтарға шашу шашты.

Амал келді, жыл келді!

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары және қала қонақтары!!!
Сіздерді 14 наурыз Көрісу күніне арналған
«АМАЛ КЕЛДІ — ЖЫЛ КЕЛДІ» атты мәдени іс-шараға шақырамыз!!!
Ұлы халқымыздың ұлық дәстүрін дәріптейтін театрландырылған көрінісін және облысымыздың үздік өнер ұжымдарының концертін тамашалаңыздар!!!
Басталуы 14 наурыз, сағат 11.00.
Өтетін орны: Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының алды.