Архив Новости - Page 4 of 12 - Mahambet-teatr.kz

Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына арналған театрлар фестивалі


Жамбыл облысында өткізілген Асқар Тоқпановтың 110 жылдығына арналған театрлар фестиваліне М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» драмасымен қатысып, актриса Шакизада Күзембай – «Үміт» номинациясымен марапатталды.

Шабыт алаңы

Қостанай қаласында тұңғыш рет ұйымдастырылған QITFEST халықаралық театр фестивалі өнер сүйер қауымды ерекше әсерге бөледі. Бұл ауқымды шараға Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия және Грузия елдерінен келген 11 театр ұжымы мен кәсіби сыншылар қатысты. Көрермендер назарына 11 түрлі спектакль ұсынылды.
Фестивальдің басты мақсаты – әртүрлі мәдениеттердің тоғысуына, шығармашылық тәжірибе алмасуға және театр өнерінің дамуына жол ашу. QITFEST – сахна арқылы тіл табысқан халықтардың бірлігін паш еткен ерекше алаң.
Бұл айтулы шараға Атырау облысының Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры да өз үлесін қосты. 2 қазан күні қостанайлық көрермен назарына Рақымжан Отарбаевтың «Жалғыздық» атты терең ойлы қойылымы ұсынылды. Спектакль көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, ерекше әсер сыйлады.
Театр ұжымы қостанайлық көрерменмен сахнадағы әр сәттің қуанышын бірге бөлісіп, үлкен рухани байланыс орнатқанын атап өтті. Әсерлі кешке қолдау білдірген әрбір көрерменге алғыс білдіреміз.
QITFEST – театр арқылы достық пен ынтымақты нығайтып, өнердің құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеген мерейлі мереке болды.

Ж.Хаджиев атындағы халықаралық театр фестивалі

Жезқазған қаласында өктен Ж.Хаджиев атындағы халықаралық театр фестиваліне Ә.Дәулетбаеваның «Толқындар жағада өледі» драмасымен қатысып, «Қазіргі кезең проблемасына заманауи көзқарасы үшін» номинациясымен марапатталды.

Репертуар

Құрметті көрермен!
Қазан айының репертуарын назарларыңызға ұсына отырып, қызыққа толы қойылымдармен сіздерді асыға күтеміз.
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан сатып ала аласыздар.

Ішкі талдау

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры» КМҚК-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазым иелері анықталмады.

«Қош бол, Jazz!» — жаздың соңғы кеші

30 тамыз күні сағат 20:30-да Атырау Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры жазғы маусымға нүкте қоятын ерекше кеш ұйымдастырады. Іс-шара театр ғимаратының алдында, ашық аспан астында өтеді.
Бұл кеш тек джаз әуенімен ғана емес, сонымен қатар:
жанды музыка ?
поэзия ?
түрлі стильдегі өнер иелерінің ерекше қойылымдары ?
арқылы көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.
Кеш қонақтарын жылы атмосфера, шабыт сыйлайтын өнер туындылары және есте қалар сәттер күтіп тұр.
? Кіру тегін.
Жазды бірге шығарып салып, жаңа маусымды шабытпен бастайық!
#atyrau #88маусым #AtyrauMahambetteatry #theatre

Репертуар

Құрметті көрермен, 2025 жылдың қыркүйек айын Махамбет атындағы Аакадемиялық қазақ драма театрымен бірге өткізіңіз!
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан сатып ала аласыздар!

Жаңа маусым

Театрымыздың 88-маусымы “Қыр баласы” қойылымымен ашылды!
Жаңа маусым – жаңа әсерлер мен жаңаша кездесулер уақыты.
Бізбен бірге болған көрермендерге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Келесі қойылымда кездескенше!

Маусымның ашылуы

26 тамыз күні, сағат 19:00-де Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры 88-ші театр маусымын салтанатты түрде ашады. Ашылу кешінде көрермен назарына «Қыр баласы» қойылымы ұсынылады.
Бұл қойылым қазақтың қоңыр үнді бард ақыны, сыршыл сазгер Табылды Досымовтың 60 жылдық мерейтойына арналады. Көрермендер жыр мен әуен, сағыныш пен сырға толы ерекше кештің куәсі болмақ.
Билеттер ticketon.kz сайтында сатылымда.
Театр ұжымы қала тұрғындары мен қонақтарын 88-маусымның алғашқы лебін бірге сезінуге шақырады.