Бүгін 87-ші маусымының ашылуына орай өңірлік БАҚ өкілдерімен Баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында жаңа маусымдағы репертуар мен жаңа қойылымдар туралы сөз болды. Жиынға театрдың ардагер актерлары да қатысып, көпшілікпен еркін әңгіме өрбіді. Театрдың көркемдік жетекшісі Темірбек Мәжитұлы тілшілер сұрақтарына жауап беріп, алдағы жоспар, жаңа бастамаларды бөлісті.