Архив Новости - Page 12 of 12 - Mahambet-teatr.kz

27 наурыз Халықаралық театр күні

Кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, тарихынан сыр шертілетін киелі сахнаның арғы жағы мен бергі жағындағы қызметкерлер жаппай мерекелейді бұл күнді.

Осыдан 51 жыл бұрын халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен конгрессте 27-ші наурызды театр өнерін ұлықтауға арнауды жөн санапты. Міне, содан бері бұл күн кәсіби мереке ретінде атап өтіледі.

Халықаралық Театр институтының басты мақсаты әлемдегі барлық театр қауымдастықтары мен өнер қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы татулығы мен байланысын нығайту мен дамыту. Халықаралық театр күніне орай, алғашқы жолдауды француз жазушысы мен суретшісі Жан Кокто (Jean Cocteau, 1889—1963) жазған болатын.

Театр атауы көне грек тілінің «theatron» (θέατρον) сөзінен шыққан. Комедия мен трагедия — театрдың ең танымал жанрлары. Екі жанрды сипаттайтын бетперде театр нышанына айналған.

«Театр киім ілгіштен басталады» деген тәмсіл бар. Әрине, бұл пікірде көрермен мәдениеті туралы астарлы ой жатқаны аян. Мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені де осы театр сахнасынан ұғынасыз. Сондықтан да болар, театр өнері саф өнерге баланады.

Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның мерекесі. Ұлы өнердің ұлықталар күні.

Мәдениет саласының үздіктері

Халықаралық театр күніне орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының бір топ артистерін ҚР. Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісін облыс әкімінің орынбасары Таушов Нариман Бахытұлы табыстады.
Театрда бірнеше жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі актерлер мен актрисаларымыз Бекет Зинуллин, Нұрбек Съезхан, Ғазиза Бисенова, Мереке Қонысова, Мейрамгүл Шапиеваның кеудесінде «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісі жарқырады.

Рахымжан Отарбаевтың «ІІІ — Республикалық театр фестивалі»

2019 ж.18-23 қараша күндер аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың  «ІІІ — Республикалық театр фестивалі» өткізілді.

Фестивалге Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драм театры, С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры, Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры, Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры, Ақмола облыстық орыс театры, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драмалық театры, Р.Сейтметов атындағы Түркістан қаласының музыкалық – драмалық театры қатысып, өнерлерін бірнеше күн өнерсүйер көрерменге паш етті.

Қазылар алқасының құрамында:  Актер, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері — Асанәлі Әшімов төрағалық еткен қазылар құрамын  Қазақстанның халық артисі, профессор — Есмұхан Обаев Мемлекеттік сыйлықтың иегері – Кажмуратов  Сердеш,  ҚР Халық әртісі, профессор – Талғат Теменов,  Жазушы, әдебиет танушы, ҚР жазушылар одағының мүшесі – Ұларбек Нұрғалым, театр сыншысы – Айсұлу Қадыралиева, Р.Отарбаевтың қызы – Қаракөз Отарбаева қатысты. Фестивалге Махамбет театры Р.Отарбаевтың «Жалғыздық» шерімен қатысып, «Бас жүлде» жеңіп алды.

«STOBI» антикалық драмалар  фестивалі

2017 жылдың қазан айының 17-23 күндері аралығында театр ұжымы Македония республикасы, Велес қаласында өткізілген «STOBI» антикалық драмалар  фестиваліне Еврипид «Медея» трагедиясымен  қатысып, дипломант атанды.

Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Ә.Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестиваліне Р.Отарбаевтың «Бас» драмасымен қатынасып «Өзекті тақырыпты көтергені үшін» номинациясымен марапатталды.

Жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы І Республикалық форум – фестивалі өтті

Жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы І Республикалық форум – фестиваліне театр ұжымы Ш.Айтматовтың «Мәңгүрт» драмасымен қатысып, қоюшы режиссер Қамысбаева Гүлназ І орынды иеленді.

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ» республикалық театрлар фестивалі

2017 жылдың мамыр айының 20-25 күндер аралығында Театрда Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш» және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлықтарының иегері, ақын- драматург Иран-Ғайыптың (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев) «МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ АЛТЫН АДАМЫ» республикалық  театрлар  фестивалі өткізілді.

Фестивальге М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық  балалар мен жасөспірімдер театры, Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облыстық Х.Бөкева атындағы қазақ драма театры, Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрлары қатынасып, өз өнерлерін көрсетті. Фестивалге қатысқан ұжымдардың өнерін бағалау үшін төрелік еткен қазылар құрамында – КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әйгілі режиссер – Ионасс Вайткус, ҚР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суретші-Төлепбаев Ерболат, өнертанушы — Ахмедиярова Нұрбике,  мәдениеттанушы, дәстүрлі әнші- Қосанова Айгүл, жазушы-журналист, «Айқын» газетінің Бас редакторы- НұртөреЖүсіп, жазушы-журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы – Жұмабай Шаштайұлы, өнертану магистрі, театртанушы-Абулгазиева Салтанат секілді тұлғалар болды. Фестивалге театр Иран – Ғайыптың «Сүйінбай» драмасымен қатынасты.

Рахымжан Отарбаевтың ІІ «Халықаралық театр фестивалі» өтті

2016 жылдың 27-30 қараша күндері аралығындаҚазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың  ІІ «Халықаралық театр фестивалі» өткізілді.

Оған Қырғыз Ұлттық академиялық драма театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық  Өзбек драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрлары қатынасып, өнер көрсетті.

Т.Ахтанов атындағы драма театрда Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық 5 күндік фестивалі  өтті

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтөбеде Т.Ахтанов атындағы драма театрда Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық 5 күндік фестивалі  өтіп жатқанынан жұртшылық хабардар. Фестивальдің алғашқы үш күнінде көрермендер назарына 5 спектакль ұсынылды.

Махамбет атындағы Атырау драма театры  Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы бойынша  «Мәңгүрт» спектаклімен  қатысып, қоюшы режиссер Қамысбаева Гүлназ «Режиссерлік шеберлігі үшін» номинациясын жеңіп алды.

 

Қамысбаева Гүлназ
Әділ қазылар алқасы

Рахымжан Отарбаевтың І «Халықаралық театр фестивалі» өтті.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың  І «Халықаралық театр фестивалі» өтті.

Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Талдықорған облысы Б.Римова атындағы қазақ драма театры, Астана қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық Семей Мемлекеттік Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры және М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрлары қатысты. Сондай-ақ, Монғолияның Баян Өлгей аймағынан«Баян Өлгей аймақтық драма театры» мен Қырғыз елінен келген «Қырғыз Ұлттық академиялық драма театры» труппалары «Фариза мен Мұқағали» және «Тағдыр» спектаклдерін сахналады. Қазылар алқасының құрамыда әр елдің өнер, театр майталмандары мен ақын-жазушылары болды.  Актер, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімов төрағалық еткен қазылар құрамын Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаев, ақын-жазушы, Моңғолия Жазушылар Одағы Баян Өлгей аймақтық қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы, «Шұғыла» журналының бас редакторы Сұраған Рахметұлы, Бүкілресейлік Александр Грин атындағы әдебиет сыйлығының лауреаты, «Художественная литература» баспасының бас директоры Георгий Пряхин, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген артисі Бусурман Одуракаев және Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Түркиялық Якуб Өмероғлы сынды тұлғалар толықтырды. Фестивалге Махамбет театры Р.Отарбаевтың «Бас» тарихи драмасымен қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.