85-маусымның жабылуы - Mahambet-teatr.kz
05/07/2023

85-маусымның жабылуы


2023 жылдың 3-маусым күні 85 маусымның жабылуына орай Рахымжан Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасы қойылып, театр шымылдығы жабылды. Зал толы көрермен ыстық ықылас, зор қошеметпен тарихи драманы тамашалады. Тарих қойнауына табысталып отырған бұл маусымда бірнеше жаңа қойылымдар қойылып, Астана, Түркістан қалаларына гастрольдік сапар ұйымдастырылып және Чапай Зұлхаш атындағы І республикалық режиссерлар мен сценографтардың фестивалі жоғары деңгейде өткен болатын. Қорытынды кешке қатысқан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Тауфиқұлы Жоламанов ұжымның жетістігін айта отырып, маусымның жабылуымен құттықтады. Жұмыс бабымен Астана қаласына қоныс аударып жатқан актер Мусағалиев Асхатқа актриса Танашева Меруертке, актер Нұрбек Сьезханға, және де балетмейстер Анар Есенғалиеваға облыс әкімі мен өз атынан алғыс хатпен марапаттады. Әбіл Тауфиқұлы жабылып отырған маусымдағы қызу жұмыстың жаңа маусымда да жалғасуын тілеп, жақсы істер атқарылатынына сенім білдірді. Театр ұжымы бір ай көлемінде демалысқа кетіп, жаңа 86 маусымға дайындалатын болады.