Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры желтоқсан айына арналған репертуарын көрермен назарына ұсынады. Жылдың соңғы айында театр сахнасында тарихи драмалар, тағдырлы оқиғаларға толы қойылымдар, балаларға арналған ертегілер және көптен күткен премьера көрермендерге жол тартады.
2 желтоқсан күні сағат 19:00-де А. Ихсанның «Қасым хан» тарихи драмасы сахналанады. Режиссері – Е. Нұрсұлтан. Қазақ тарихындағы көрнекті тұлға Қасым ханның өмірі мен ел басқарудағы қызметін арқау еткен қойылым көрерменді өткен дәуірге жетелейді.
3 желтоқсан күні сағат 19:00-де А.В. Сухово-Кобылиннің «Іс 20/25К» трагифарсы ұсынылады. Режиссері – Б. Абдураззаков. Қоғамдағы қайшылықтар мен адам тағдырын ерекше сахналық шешімдер арқылы бейнелейтін туынды көрерменді терең ойға жетелейді.
Желтоқсан айында кішкентай көрермендер де назардан тыс қалмайды.
4 желтоқсан күні сағат 11:00-де Б. Зинуллиннің «Ата мектебі» ертегісі, ал 12 желтоқсан күні сағат 11:00-де М. Томановтың «Достар» ертегісі сахналанады. Екі қойылымның да режиссері – Б. Өтегалиев. Балаларға арналған бұл туындылар достық, сыйластық пен адамгершілік құндылықтарын дәріптейді.
23–24 желтоқсан күндері сағат 19:00-де театр сахнасында «Дударай» музыкалық драмасының премьерасы өтеді!
А. Яхуданың шығармасы бойынша сахналанған қойылымның режиссері – М. Томанов. Музыка мен драмалық өнерді тоғыстыратын жаңа туынды желтоқсан айындағы театр репертуарының басты жаңалықтарының бірі болмақ.
Ал жыл соңында бүлдіршіндерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлайтын қойылым ұсынылады.
26–30 желтоқсан аралығында күн сайын сағат 11:00 және 15:00-де Ю. Алессиннің «Золушка» ертегісі сахналанады. Режиссері – Б. Құсанбаев. Сиқыр мен ғажайыпқа толы ертегі балаларды мейірімділікке, жақсылыққа және арманға сенуге шақырады.
Желтоқсан айындағы қойылымдар үлкен және кіші залдарда өтеді.
Құрметті театрсүйер қауым! Жылдың соңғы айын рухани әсерге толы естеліктермен қорытындылап, отбасыңызбен және жақындарыңызбен бірге театр әлемінің ғажайып сәттеріне куә болыңыздар!
Сіздерді Махамбет театрының сахнасында күтеміз!
Байланыс телефондары: 32-21-77, 8 (775) 83-13-107
Instagram: @atyrau_mahambet_teatry
Cоңғы жаңалықтар