Новости«Бес бойдаққа бір той» — театр сахнасындағы жаңа премьера
15/05/2026
«Бес бойдаққа бір той» — театр сахнасындағы жаңа премьера
19 мамыр күні сағат 19:00-де Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры сахнасында «Бес бойдаққа бір той» атты жаңа қойылымның премьерасы өтеді.
Қойылым оқиғасы бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан бес бойдақ — Қырманбай қарт пен оның төрт ұлының төңірегінде өрбиді. Балаларының ержетіп, отау құрып, үйлі-баранды болғанын қалайтын әке ұлдарының бақытына алаңдайды. Алайда, сүйгендерін тапқан жігіттер әуелі әкелерін үйлендіруді жөн көреді. Күтпеген жерден Қырманбай шалға да қалыңдық табылып, оқиға одан әрі қызықты әрі күлкілі сипат ала түседі.
Қойылым жеңіл юморға, астарлы әжуа мен қазақы қалжыңға толы. Спектакль барысында қоғамдағы кейбір стереотиптер, ескі түсініктер мен адам мінезіндегі түрлі ерекшеліктер көрерменге күлкі сыйлай отырып шебер жеткізіледі. Сонымен қатар, қазақы салт-дәстүрлер де сатиралық тұрғыда көрініс табады.
«Бес бойдаққа бір той» — көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, ой салатын мазмұнды туынды. Театрсүйер қауымды жарқын премьераны бірге тамашалауға шақырамыз!