Архив Новости - Page 3 of 6 - Mahambet-teatr.kz

Қаңтар айының репертуары

ҚҰРМЕТТІ ӨНЕР СҮЙЕР КӨРЕРМЕН НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА ҚАҢТАР АЙЫНЫҢ РЕПЕРТУАРЫН ҰСЫНАМЫЗ.
Спектакльдердің басталу уақыты 19:00.
Билеттер театр кассасында жане де ticketon.kz сайтында сатылатынын қаперлеріңізге саламыз!!!
☎️Каса: 32-22-77 8 702 777 5686

Фестиваль туралы

Дауылпаз ақын, жалынды жырау, күйші-композитор Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған I республикалық театрлар фестивалі қорытындыланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Т.Әлімқұловтың «Қош бол, Қараой» қойылымымен Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры иеленді. 1-орынды «Жұбан» қойылымымен Батыс Қазақстан облыстық Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры қанжығаласа, 2-орынды «Әлиханның аманаты» қойылымымен Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры иеленді. Оған қоса,  Махамбет атындағы арнайы сыйлықты І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры «Алжир» қойылымымен жеңіп алды. 
Сондай-ақ, қатысушылар аталым бойынша марапатталды. «Үздік режиссер» номинациясын Гаухар Мангулова, «Үздік сценограф» номинациясын Темірбек Мұхтаров иеленсе, «Үздік ер адам бейнесін» Медғат Өміралиев, «Үздік әйел адам бейнесін» Нұрлыгүл Жұбатова иеленді
Ал, «Екінші пландағы ер адам бейнесіне» Рауан Таймас, «Екінші пландағы әйел адам бейнесіне» Жібек Үсенова лайық деп танылды. 
Сонымен қатар іс-шара барысында бірнеше сала мамандарына марапат табысталды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің «Сұлтан Бейбарыс» медалі Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловқа берілді. Ал, Махамбеттің 220 жылдығына арналған «Дауылпаз» медалі «Құрмет» орденінің иегері, «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театр және қоғам қайраткері Құжырғали Төлеуішов пен Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Нұрнияз Мұқановқа табысталды. Сондай-ақ, Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер-ұшқыш «Хиуаз Доспанова» медалін ҚР Халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері Гульнара Жакупова иеленді. 
Сондай-ақ, бірқатар мәдениет қызметкерлері «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Олар Жеміс Тілепқалиева,  Бақтыгерей Телеубаев, Талап Балғынбаев, Балзия Кенжебекова,  Әміржан Нұрланұлы, Мырзабек Макулов,  Гүлжан Сакупова, Бақытбек Сартбаев, Еркінбек Сағындықов және Қайырлы Меңдіғали. 
Одан бөлек, салтанатты шара барысында фестивальге қатысушы театр ұжымдарына ҚР Мәдениет және Ақпарат министрілігінің, Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты» табысталды. 

Фестивальдың ашылуы

2023 жылдың 13-18 қараша аралығында Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына арналған І республикалық театрлар фестивалі өтеді.
Фестивальге алдын-ала іріктеу өткен 7 театр ұжымы қатысады:
Батыс Қазақстан облыстық Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театры;
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры;
Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театры
Ақмола облыстық Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театры; (Көкшетау қаласы)
Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры;
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры;
Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры
Баспасөз мәслихатында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының Бас суретшісі, «Құрмет» орденінің иегері Темірбек Мұхтаровтың «Суретші көзімен» атты кітабының тұсаукесер рәсімі жасалады.

Фестиваль

Құрметті көрермен!
Атырау облысы әкімінің қолдауымен, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының ұйымдастыруымен ХІХ ғасырдың ең көрнекті ақыны, жалынды жырау, жалаугер батыр, күйші-композитор Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына арналған республикалық театрлар фестивалі туын көтергелі тұр. 13-18 қараша аралығында Атырау төрінде ұлы бабамыздың атын асқақтатар фестивальге асығып 6 театр ұжымы, атсалып өнер қайраткерлері, театр сыншылары келеді. Өнердің оты лаулайтын, шынайы бәсекенің көркін қыздыратын дүбірлі додаға сіздерде асығыңыздар, ағайын! Кіру тегін.

Төкпе жырдың төресі

Зар заман поэзиясының көрнекті өкілі, әйгілі жырау Мұрат Мөңкеұлының туғанына биыл — 180 жыл. Осыған орай, Атырау облысы әкімінің, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен «Төкпе жырдың төресі» атты Мұрат ақынның шығармашылығы мен өмір жолына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

«Бейбарыс» қойылымы — Мысыр төрінде…

Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығы аясында Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Мысыр елінің астанасы Каир қаласына гастрольдік іс-сапармен барып келді. Атырау облысы әкімінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-сапар барысында арнайы делегация құрылып, оны облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бастап барды. Каир қаласының
«CAIRO OPERA HOUSE» театрында көрнекті жазушы Рахымжан Отарбаевтың “Бейбарыс” әфсанасы сахналанды. Қойылымды тамашалауға Каир губернаторы Кальюбии, опера театрының басшысы Халед Дагер, жергілікті белгілі генерал Абдулхамид Әл Хагтан және Қазақстан республикасының Мысыр Араб Респуликасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф қатысты. Қыпшақ даласынан құлдыққа сатылып, кейін мәмлүктер мемлекетінің төртінші сұлтаны болып 17 жыл билік құрған ұлы тұлғаның қарама-қайшылыққа, күреске толы тағдырын, туған жерін, жусан иісін аңсаған ұлы сағынышын сипаттайтын қойылымды — Каир көрермендері зор ықыласпен көріп, жылы лебіздерін білдірді. Театр ұжымы бабамыздың жүріп өткен жерінде, Каирдің төрінде қазақ тілінің үнін, домбыраның әуезін естіртіп, сұлтанның өзі салдырған мешітте дұға етіп, елге оралды. Осы орайда, осындай тарихи іс-сапарға шығуға қолдау көрсеткен Атырау облысы әкімі Серік Жамбылұлына ұжым атынан ризашылық білдіреміз.

Бас Жүлде қанжығамызда

Сұлу Көкше бауырында өткен V ТеART-Көкше Халықаралық театр фестивалінде Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Бас Жүлде — Алтын Қыранды жеңіп алды…
Фестивальге 13 кәсіби театр, оның ішінде 6 қазақ театры қатысқан болатын. Көрнекті жазушы Р. Отарбаевтың «Жалғыздық» әңгімесінің негізінде белгілі режиссер Мұқанғали Томанов сахналаған қойылым бұған дейін де шетелде топ жарған болатын.Аруақты батыр Махамбет атындағы академиялық театрдың шығармашыл ұжымы басым бөлігі орыс тілінде қойылған пьесалар ішінде ана тілінің, ұлт драматургиясының, Атырау театрының өнеріне тәнті етті.
Барша Атыраулықтарды айтулы қуанышпен құттықтаймыз!!!