Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында жазушы-драматург Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» комедиясының премьерасы аншлагпен өтіп, театрсүйер қауымға көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсер сыйлады. Көптен күткен қойылым көрерменді күлкіге бөлеп қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерді астарлы әзіл мен терең ой арқылы шебер жеткізе білді.
Қойылым желісі бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан бес бойдақтың әкелері Қырманбай қарияны үйлендіруге әрекет жасауынан өрбиді. Әке мен балалар арасындағы шынайы диалогтар, күнделікті өмірге жақын көріністер мен күлкілі жағдайлар көрерменді бірден баурап алып, спектакльдің атмосферасын ерекше жандандыра түсті.
Сахналық туындыда отбасы құндылықтары, үлкенге құрмет, махаббат пен өзара түсіністік секілді маңызды тақырыптар кеңінен көрініс тапқан. Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен ішкі болмысы табиғи ашылып, қарапайым отбасылық жағдайлар жеңіл юмор арқылы әсерлі жеткізілді. Бұл өз кезегінде көрерменге ой салып, қойылымның тәрбиелік мәнін арттыра түсті.
Қойылымдағы басты кейіпкер Қырманбайдың рөлін театр және кино актеры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Атырау қаласының Құрметті азаматы, театрдың жетекші әртісі Сәбит Қожабеков сомдады. Тәжірибелі актер кейіпкердің ішкі болмысын терең ашып, сахнадағы шынайы әрі табиғи ойынымен көрерменнің зор ықыласына бөленді.
Сонымен қатар спектакльде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Атырау қаласының Құрметті азаматы, театрдың жетекші әртісі Махаббат Рақшанинева өнер көрсетіп, қойылымның көркемдік деңгейін одан әрі биіктете түсті. Сахна саңлағының шеберлігі мен сахнадағы харизмасы көрерменнің ерекше қошеметіне ие болды.
Премьера соңында көрермен қауым актерлердің шынайы ойыны мен режиссерлік шешімдерге жоғары баға беріп, ұзақ уақыт бойы ыстық ықыласпен қол соқты. «Бес бойдаққа бір той» комедиясы театр репертуарындағы көрермен көңілінен шыққан жарқын қойылымдардың біріне айналып, ұлттық юмор мен отбасылық құндылықтарды дәріптеген әсерлі туынды ретінде есте қалды.
684842300_18011211848886175_6274696228910328130_n
701537979_18529122790075515_6246059301611040514_n
701675506_18529124173075515_1651914721690618217_n
702119402_18011211830886175_7472247935680977220_n
702625465_18529124056075515_5710781556528010788_n
702651801_18529121692075515_3173620572650182394_n
702752275_18529124134075515_5073114231234355919_n
702812052_18529122508075515_5563171906195789748_n
702911425_18529122712075515_1226159327433141554_n
702968789_18529122610075515_1237551336858878554_n
703146487_18529124029075515_8204104514411065363_n
703146679_18529122682075515_6543037519575994163_n
703147004_18529122823075515_8427661353195152482_n
703168145_18529122649075515_5952884736469052288_n
703240597_18529124422075515_4870999508527175587_n
703242289_18529122772075515_8368611813729334672_n
703261079_18529124392075515_1033538581321517494_n
703502598_18529122115075515_8151413730607928705_n
703654095_18529124155075515_8489984981057563599_n
703890779_18529124368075515_8897121200893115389_n
704097781_18529124122075515_4089968692172610593_n
Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры көрермен назарына маусым айының жарқын әрі мазмұнды репертуарын ұсынады. Театр сүйер қауымды балалар ертегілерінен бастап, комедия, драма, мелодрама және реквием жанрындағы қойылымдар күтеді.
Ай репертуары 1 маусым күні балаларға арналған «Ақыл патшалығы» ертегісімен ашылады. Балаларды қорғау күніне орай сахналанатын бұл қойылым кішкентай көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйламақ.
2 маусым күні театр сахнасында «Махаббат қызық мол жылдар» драмасы ұсынылады. Ал 4 маусымда көрермен сүйіспеншілігіне ие болған Рахымжан Отарбаевтың «Жалғыздық» камерлық қойылымы сахналанады.
Көңілді комедия жанрын ұнататын көрермендер үшін 5 маусымда Мұхтар Әуезовтің «Айман–Шолпан», ал 9 маусымда Талғат Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» қойылымдары ұсынылады.
Маусым айының басты жаңалықтарының бірі — премьералар. 14 маусым күні Ә.Рахаттың «Махаббат рулеткасы» драмасының премьерасы өтсе, 21 маусымда Д.Әбжаппаровтың «Мама Роза» деректі драмасы алғаш рет көрерменге жол тартады.
15 маусым күні балаларға арналған «Ұр, тоқпақ!» ертегісі қойылса, 16 маусымда А.Володиннің «Кездесу мен қоштасу» мелодрамасы сахналанады.
24 маусым күні М.Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы көрерменге ұсынылады. Ал 25 маусымда балалар мен жасөспірімдерге арналған «Царство мудрости» ертегісі сахналанады.
Театр маусымы 30 маусым күні Т.Әлімқұловтың «Қош бол, Қараой!» реквием қойылымымен қорытындыланады.
Маусым айындағы әр қойылым — көрерменге ерекше әсер, терең ой мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын рухани кеш болмақ. Театр ұжымы барша өнерсүйер қауымды қойылымдарды бірге тамашалауға шақырады.
Мамыр айында театр көрермендеріне әртүрлі жанрдағы қызықты қойылымдар ұсынылады. Репертуар балаларға арналған ертегілерден бастап, терең мағыналы драма, комедия және трагикомедия жанрларын қамтиды.
Айдың алғашқы күндерінде кішкентай көрермендерге арналған «Винни және оның достары» ертегісі сахналанады. Сонымен қатар, көрермендер назарына «Ақ қар жауып тұрғанда» трагикомедиясы мен «Таптым-ау сені» мелодрамасы ұсынылады.
19 мамыр күні театрда көптен күткен премьера — «Бес бойдаққа бір той» комедиясы өтеді. Бұл қойылым көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты сюжетімен ерекшеленеді.
Ай ортасында тарихи-танымдық бағыттағы «Бейбарыс» қойылымы сахналанса, 23 мамыр күні балаларға арналған «Ән сал» ертегісі ұсынылады.
26 мамырда «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» атты әсерлі қойылым көрсетілсе, ай соңында «Толқындар жағада өледі» спектаклі көрерменге жол тартады.
Барлық қойылымдар белгіленген уақыт бойынша театрдың кіші және үлкен залдарында өтеді. Көрермендерді мамыр айындағы мәдени демалысты театрмен бірге өткізуге шақырамыз!
Ақтау қаласында 21–26 қыркүйек аралығында өткен III Халықаралық ТҮРКСОЙ театр фестиваліне Р.Отарбаевтың «Бейбарыс» әфсанасын арнайы шақыртумен барып сахналады.
Алғаш рет Махамбет атындағы Қазақ академиялық драма театрының сахнасында орыс тілінде балаларға арналған спектакль қойылады – «Даналық патшалығы» атты екі тілдегі қойылым театр тарихында жаңа бет ашады.
Спектакльдің негізіне құстардың тілін түсінетін ерекше қасиеті бар патша туралы баяндайтын «Байғыз» аңызы алынған. Оның құстарға деген сүйіспеншілігі сарай ішінде ішкі қайшылыққа себеп болады: жалғыздықтан жапа шеккен ханша билеушіні оның ерекше әуестігі үшін қызғана бастайды. Қарғаның сөзіне ерген ол өзіне құстардың сүйегінен аппақ сарай салуды талап етеді.
Патша алдында күрделі моральдық таңдау тұрады – жұбайының қыңыр тілегіне көну ме, әлде өз ұстанымына адал қалып, өзін қорғай алмайтындарды қорғау ма. Осы оқиға желісі арқылы спектакль мейірімділік, жауапкершілік және шынайы құндылықтар сияқты маңызды тақырыптарды көтеріп, жас көрермендерге қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастырады.
Спектакльдің сценарийін Асылбек Әуезханұлы жазған. Режиссері – Алматыдан арнайы шақырылған мәдениет қайраткері Бейбіт Құсанбаев. Көркемдік безендіруі – Айгерім Жолдасова. Премьерасы 23 сәуірде өтеді: сағат 11:00-де қазақ тілінде, 14:00-де орыс тілінде қойылады.
27 наурыз күні Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында Халықаралық театр күніне арналған салтанатты мерекелік кеш өтті. Театрсүйер қауым мен өнер жанашырларын тоғыстырған кеш мазмұнды бағдарламасымен, ерекше атмосферасымен есте қалды.
Халықаралық театр күні 1961 жылы Халықаралық театр институтының бастамасымен бекітілген. Содан бері бұл күн – әлем театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне айналып, өнердің маңызын айшықтайтын ерекше дата ретінде аталып келеді.
Салтанатты кеш аясында театр ұжымының бірқатар қызметкерлері марапатталды. Атырау облысы әкімі, Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы және салалық кәсіподақ ұйымы тарапынан да үздік қызметкерлерге құрмет көрсетілді.
Кеш барысында театрдың 88-маусымындағы жетістіктері де атап өтілді. Өткен маусымда ұжым халықаралық және республикалық фестивальдерге қатысып, жүлделі орындар иеленген. Бұл – театрдың кәсіби деңгейінің жоғары екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.
Сондай-ақ, дәстүрлі «Шынайы шымылдық» облыстық халық театрлары фестивалінің қорытындысы жарияланып, өңірдегі халық театрлары марапатталды. Аталған фестиваль биыл қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтыған қойылымдарымен ерекшеленді.
Мерекелік кеште театрдың серіктестері мен өнерге қолдау көрсетіп жүрген мекемелер де назардан тыс қалмай, арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Кештің маңызды кульминациясы– «UZDIK 2026» ІІ театрішілік фестивалінің қорытындысы болды. Фестиваль аясында түрлі номинациялар бойынша үздіктер анықталып, ең басты марапат – «Үздік актер» және «Үздік актриса» атақтары табысталды.
Театр мерекесі барлық қатысушылардың ортақ қуанышына айналып, өнердің мәңгілік құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
656737641_18517346575075515_4307297639967024111_n
656828099_18517346503075515_605212566997096225_n
656883246_18517346644075515_8585202388917974901_n
656908697_18517346491075515_3037509204641657085_n
657153769_18517346599075515_4805620397728837841_n
657170024_18517346443075515_6655181797625312259_n
657291492_18517346773075515_5079768815311179299_n
657336095_18517346812075515_3024008462538593497_n
657573827_18517346782075515_906772970783781961_n
657625641_18517346521075515_8048451911565476908_n
657669994_18517346557075515_7559313456280020993_n
657678471_18517346452075515_2994604145658473473_n
657931980_18517346548075515_4599086123524987749_n
657949514_18517346653075515_1423632252888703035_n
658287373_18517346671075515_8808434693111700470_n
659304649_18517346794075515_2629949538320835059_n
657272590_18518120554075515_4311027690263156342_n
657717529_18518120599075515_423336130132053459_n
657745512_18518120620075515_6638988759025901033_n
658540365_18518120470075515_7220759290602959174_n
658594420_18518120527075515_2578313792005920009_n
658804517_18518120536075515_1591140509729822641_n
660401666_18518120563075515_3788517681484259872_n
660428026_18518120572075515_1864603174343472478_n
660655827_18518120629075515_1677697555747925852_n
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Халықаралық театр күніне шақырады!
27 наурыз – бүкіл әлем бойынша театр өнерінің мерекесі. Осы айтулы күнге орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше мәдени кешке шақырады.
? 27 наурыз
⏰ 18:00
? Театр ғимараты
Бұл кеш – өнер мен руханиятты тоғыстырған, шабыт пен шығармашылыққа толы ерекше шара болмақ. Театр ұжымы көрермендерге тек қойылым ғана емес, тұтас мәдени атмосфера сыйлауды мақсат етеді.
✨ Кеш бағдарламасында:
- Қызыл кілеммен жүріп өту мүмкіндігі – әрбір қонақ өзін жұлдыздай сезінеді
- Театр тарихы мен жетістіктерін қамтитын арнайы көрме
- Мерекелік концерттік бағдарлама, сахналық көріністер
? «Театр Арбаты» алаңы:
Бұл ерекше шығармашылық кеңістікте:
- авторлық инсталляциялар
- заманауи перформанстар
- сахналық костюмдер көрмесі
- суретшілердің картиналары
- мүсін өнерінің туындылары ұсынылады
Кеш барысында сіз өнердің сан қырлы әлеміне саяхат жасап, театрдың сиқырлы атмосферасын толықтай сезіне аласыз. Қызыл кілемнің сәні, көрменің көркі және сахнаның шуағы – барлығы бір кеште тоғысады.
Өнер мен шабытқа толы бұл кешті бірге қарсы алайық!
Сәуір айын Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ұжымымен бірге әсерлі өткізуге шақырамыз!
Бұл ай театр сүйер қауым үшін ерекше болмақ. Репертуар мазмұнына көз жүгіртсек, көрермендерді терең драма, тағылымды ертегі және заманауи психологиялық қойылымдар күтеді. Әрбір спектакль – өзіндік ой, ерекше сахналық шешім және көркем әсер сыйлайтын туынды.
Сәуірдің алғашқы күндері А.П. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасымен ашылып, көрерменді адам жанының тереңіне жетелейді. Одан кейінгі «Ұр тоқпақ» халық ертегісі кішкентай көрермендерге шаттық сыйласа, К.Мұраттың «Қуыршақтар» моно драмасы заманауи көзқараспен ерекшеленеді.
Ай ортасында Ш.Айтматовтың «Жәмиласы» сахналанып, махаббат пен тағдыр тақырыбын қозғайды. Ал «Әйел тағдыры» қойылымы көрерменді терең ойға жетелейді. Ай соңына қарай «Сіз кімсіз?» психологиялық драмасы арқылы адам болмысы мен ішкі әлемі ашылады.
Сәуір айының басты жаңалығы – А.Әуезханұлының «Ақыл патшалығы» ертегісінің премьерасы. Ерекшелігі – бұл қойылым сахнада екі тілде ұсынылады. Балалар үшін қызықты, ал ата-аналар үшін тәрбиелік мәні зор бұл спектакльді жіберіп алмауға кеңес береміз. Сонымен қатар, орыс тіліндегі «Царство разума» нұсқасы да көрермен назарына ұсынылады.
Сәуір репертуары – жаңа әсерлерге, жарқын эмоцияларға және ұмытылмас кештерге толы. Театрға келу – бұл тек демалыс емес, рухани байлыққа жол ашатын ерекше мүмкіндік.
? Билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан сатып ала аласыздар.
? Мекен жайымыз: Атырау қаласы, Абай көшесі 8 а.
Сіздерді театрда күтеміз! ?
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры шығармашылық ұжымы 2026 жылғы наурыз–сәуір айларында Атырау облысының аудандарына гастрольдік іс-сапарға шығады.
? Жылыой ауданы (30–31 наурыз, 1 сәуір)
Қойылымдар:
? Құрманғазы ауданы (16–18 сәуір)
Уақыты:
Театр ұжымы барша көрермендерді мәдени кештерге шақырады.