Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры көрермен назарына маусым айының жарқын әрі мазмұнды репертуарын ұсынады. Театр сүйер қауымды балалар ертегілерінен бастап, комедия, драма, мелодрама және реквием жанрындағы қойылымдар күтеді.
Ай репертуары 1 маусым күні балаларға арналған «Ақыл патшалығы» ертегісімен ашылады. Балаларды қорғау күніне орай сахналанатын бұл қойылым кішкентай көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйламақ.
2 маусым күні театр сахнасында «Махаббат қызық мол жылдар» драмасы ұсынылады. Ал 4 маусымда көрермен сүйіспеншілігіне ие болған Рахымжан Отарбаевтың «Жалғыздық» камерлық қойылымы сахналанады.
Көңілді комедия жанрын ұнататын көрермендер үшін 5 маусымда Мұхтар Әуезовтің «Айман–Шолпан», ал 9 маусымда Талғат Нұрмағамбетовтің «Бес бойдаққа бір той» қойылымдары ұсынылады.
Маусым айының басты жаңалықтарының бірі — премьералар. 14 маусым күні Ә.Рахаттың «Махаббат рулеткасы» драмасының премьерасы өтсе, 21 маусымда Д.Әбжаппаровтың «Мама Роза» деректі драмасы алғаш рет көрерменге жол тартады.
15 маусым күні балаларға арналған «Ұр, тоқпақ!» ертегісі қойылса, 16 маусымда А.Володиннің «Кездесу мен қоштасу» мелодрамасы сахналанады.
24 маусым күні М.Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы көрерменге ұсынылады. Ал 25 маусымда балалар мен жасөспірімдерге арналған «Царство мудрости» ертегісі сахналанады.
Театр маусымы 30 маусым күні Т.Әлімқұловтың «Қош бол, Қараой!» реквием қойылымымен қорытындыланады.
Маусым айындағы әр қойылым — көрерменге ерекше әсер, терең ой мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын рухани кеш болмақ. Театр ұжымы барша өнерсүйер қауымды қойылымдарды бірге тамашалауға шақырады.
Cоңғы жаңалықтар