Мамыр айында театр көрермендеріне әртүрлі жанрдағы қызықты қойылымдар ұсынылады. Репертуар балаларға арналған ертегілерден бастап, терең мағыналы драма, комедия және трагикомедия жанрларын қамтиды.
Айдың алғашқы күндерінде кішкентай көрермендерге арналған «Винни және оның достары» ертегісі сахналанады. Сонымен қатар, көрермендер назарына «Ақ қар жауып тұрғанда» трагикомедиясы мен «Таптым-ау сені» мелодрамасы ұсынылады.
19 мамыр күні театрда көптен күткен премьера — «Бес бойдаққа бір той» комедиясы өтеді. Бұл қойылым көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызықты сюжетімен ерекшеленеді.
Ай ортасында тарихи-танымдық бағыттағы «Бейбарыс» қойылымы сахналанса, 23 мамыр күні балаларға арналған «Ән сал» ертегісі ұсынылады.
26 мамырда «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» атты әсерлі қойылым көрсетілсе, ай соңында «Толқындар жағада өледі» спектаклі көрерменге жол тартады.
Барлық қойылымдар белгіленген уақыт бойынша театрдың кіші және үлкен залдарында өтеді. Көрермендерді мамыр айындағы мәдени демалысты театрмен бірге өткізуге шақырамыз!
Cоңғы жаңалықтар