Фестиваль-форум - Mahambet-teatr.kz
29/05/2023

Фестиваль-форум

Маусым айының 7 – 10 күндері аралығында Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында Атыраудың абыз ұлы Чапай Зұлхаш атындағы І Республикалық режисерлар мен сценографтардың фестиваль – форумы өтеді. Аталған шара барысында республикамыздың 6 театр ұжымы өз қойылымдарын Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына паш етсе, режисерлар мен сценографтар өз білімдерін шыңдамақ.