Абай күні - Mahambet-teatr.kz
10/08/2023

Абай күні

Бүгін халқымыз ұлт ұстазы, кемеңгер ағартушы, қазақтың бас ақыны Абай күнін тойлады. Атырауда «Абай» орталығының алдында орналасқан Абай ескерткіші алаңында рухани мереке ерекше аталып өтті. Іс-шараға өңірдің зиялы қауымы, ел ағалары мен басшылар, жергілікті өнерпаздар қатысты. Рухани шара Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры актерларының театрландырылған көрінісімен ашылып, жиналған қауымның ақын ескерткішіне гүл қоюымен жалғасты. Шараға қатысқан Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев лебізін білдіріп, көпшілікті құттықтады. Сонымен қатар, белгілі ақын, профессор Қадір Жүсіп және елағасы, қоғам қайраткері Мұрат Өтешов сөз алып, ұлы ұстаз хақында толғамды ойларымен бөлісті. Көрермен-көпшілік Абай ұстанған заттардың көшірме экспонаттары және кітап көрмесімен танысып, ақын әндері мен жырларына сусындады. Жыл сайын дәстүрлі өтетін Абай күні – халқымыздың рухани мерекесі. Рухымызды көтеріп, жандүниемізді жадыратқан Абай күні құтты болсын!