Архив Новости - Page 2 of 2 - Mahambet-teatr.kz

Халықаралық театр күні

Құрметті сахнагер әріптестер, сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық театр күнімен құттықтаймыз!

«Театр тобырдан халық жасайтын орын» деген ділмар сөз бар. Шынымен де, кез келген ұлттың руханиятын сілкінтіп, мәдениетін қалыптастыратын ең ұлы өнер ордасы – театр сахнасы. Ал осы киелі өнердің жолында тер төгіп жүрген әртістердің қызметі – сауапты әрі жауапты.

Тағдырын театрмен байланыстырған кәсіп иелеріне шығармашылық табыс, асқақ абырой тілейміз. Әр жаңа қойылым биік белестерге бастап, әр сомдаулы рөл көрермен ұмытпас зор қошеметке бөленсін.

Жетістіктеріңіз орасан, есімдеріңіз елеулі, істеріңіз берекетті, дендеріңіз сау, орталарыңыз түгел болсын!

БАРША ӨҢІР ТЕАТРЛАРЫН БҮГІНГІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!

Амал келді, жыл келді!

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары және қала қонақтары!!!
Сіздерді 14 наурыз Көрісу күніне арналған
“АМАЛ КЕЛДІ – ЖЫЛ КЕЛДІ” атты мәдени іс-шараға шақырамыз!!!
Ұлы халқымыздың ұлық дәстүрін дәріптейтін театрландырылған көрінісін және облысымыздың үздік өнер ұжымдарының концертін тамашалаңыздар!!!
Басталуы 14 наурыз, сағат 11.00.
Өтетін орны: Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ғимаратының алды.