ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен Ақтөбеде Т.Ахтанов атындағы драма театрда Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық 5 күндік фестивалі өтіп жатқанынан жұртшылық хабардар. Фестивальдің алғашқы үш күнінде көрермендер назарына 5 спектакль ұсынылды.
Махамбет атындағы Атырау драма театры Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы бойынша «Мәңгүрт» спектаклімен қатысып, қоюшы режиссер Қамысбаева Гүлназ «Режиссерлік шеберлігі үшін» номинациясын жеңіп алды.



Cоңғы жаңалықтар