Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың І «Халықаралық театр фестивалі» өтті.
Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Талдықорған облысы Б.Римова атындағы қазақ драма театры, Астана қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық Семей Мемлекеттік Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театры, Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры және М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрлары қатысты. Сондай-ақ, Монғолияның Баян Өлгей аймағынан«Баян Өлгей аймақтық драма театры» мен Қырғыз елінен келген «Қырғыз Ұлттық академиялық драма театры» труппалары «Фариза мен Мұқағали» және «Тағдыр» спектаклдерін сахналады. Қазылар алқасының құрамыда әр елдің өнер, театр майталмандары мен ақын-жазушылары болды. Актер, КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асанәлі Әшімов төрағалық еткен қазылар құрамын Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаев, ақын-жазушы, Моңғолия Жазушылар Одағы Баян Өлгей аймақтық қазақ қаламгерлер кеңесінің төрағасы, «Шұғыла» журналының бас редакторы Сұраған Рахметұлы, Бүкілресейлік Александр Грин атындағы әдебиет сыйлығының лауреаты, «Художественная литература» баспасының бас директоры Георгий Пряхин, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген артисі Бусурман Одуракаев және Еуразия Жазушылар Одағының төрағасы Түркиялық Якуб Өмероғлы сынды тұлғалар толықтырды. Фестивалге Махамбет театры Р.Отарбаевтың «Бас» тарихи драмасымен қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленді.
Cоңғы жаңалықтар