27 наурыз Халықаралық театр күні аясында “Uzdik-2025” І театрішілік фестиваль қорытындыланды
Наурыз айының 24-26 күндері аралығында “Uzdik-2025” І театрішілік фестиваль ұйымдастырылып, оған 3 қойылым қатысып, 6 номинация бойынша жүлде тағайындалды. Фестивальге Ә.Рахаттың “Қыр баласы” драмасы, М.Әуезовтың “Қорғансыздың күні” трагедиясы және Б.Сарыбайдың “Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат” қойылымы қатысты. Фестиваль қойылымдарын сараптау үшін Алматы қаласынан театр сыншылар келді. Олар: Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану докторы Бақыт Кәкиқызы Нұрпейіс және театртанушы Тәңірберген Ембергенов.
27 наурыз халықаралық театр күнінде салтанатты марапаттау кеші өтті. Кеште Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов құттықтап, театр қызметкерлерін және актерларды Атырау облысы әкімінің және Мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады. Бірқатар театр қызметкерлеріне, ардагерлерге Ардагерлер кеңесінің төсбелгілері және Кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, театр мекемесі тағайындаған арнайы сыйлықтар табыс етілді. 87-ші маусым бойынша “жылдың үздік актері” — Ғазиз Сұраппаев және “Үздік актриса” — Тұрсынгүл Аманғалиева болып анықталды.
Сонымен қатар, театр күні іс-шарасы аясында “Uzdik-2025” І театрішілік фестивалінің қорытындысы шығарылып, жүлделі номинациялар табысталды. Атап айтқанда: «Үздік ансамбл» номинациясы – М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» трагедиясы үшін берілді.
«Жаңа есім» номинациясы – Б.Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» қойылымындағы «Бала» рөлі үшін Нұрбек Омар иеленді. Сондай-ақ, “Екінші пландағы үздік актер» номинациясы – Ә.Рахаттың «Қыр баласы» драмасындағы «Бала жүрек» рөлі үшін Райымбек Каденге, “Екінші пландағы үздік актриса» — Б.Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» қойылымындағы «Келіншек» рөлі үшін Шынар Рамазановаға және “Үздік актер» номинациясы Ә.Рахаттың «Қыр баласы» драмасындағы «Маса» рөлі үшін Бақытжан Өтеғалиевке және “Үздік актриса» номинациясы М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» трагедиясындағы «Әже» рөлі үшін Ғазиза Бисеноваға берілді.
Театр күніне арналған мерекелік кеш ән мен жырға, марапаттарға толып боп, жоғары деңгейде аталып өтті.
2025 жылдың наурыз айын Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрымен бірге өткізіңіз!
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан сатып ала аласыздар!
Қай кезде де қоғамның дерті болған нашақорлык, індеті адам баласының басты мәселелерінің бірі. Оның тырнағына іліккен жанның тағдыры қашан да қорқынышты. Өзін-өзі жоғалтып, оқша-уланып, айналасын танымайтыны белгілі. «Сіз кімсіз?!» қойылымы — нашақорлык құрығынан шыға алмай, дертіне маталған жас жігіттің жан ай-қайын, ішкі дүниесін, қорқынышы мен күйінішін бейнелейді. Адам өздігінен нашақор болмайтынын, оған итермелеген себептер мен салдарды ашық қозғап, ащы шындықтарды ортаға салады.
«СІЗ КІМСІЗ?» қойылымын тамашалауға келген көрермендерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жылы қошеметтеріңіз бен қолдауларыңыз біз үшін үлкен мәртебе!
475266263_18441725245075515_5009175390917403816_n
476186541_18441725302075515_7262620563296967403_n
476234827_18441725332075515_6446094175394972021_n
476279459_18441725236075515_1017539623824546396_n
476294633_18441725323075515_8939284855224735866_n
476355722_18441725197075515_1420543110338330860_n
476403954_18441725263075515_5562351323795449913_n
476414437_18441725293075515_2833131788534142117_n
476456727_18441725254075515_631929177694778817_n
476469013_18441725227075515_5107656105996055030_n
476796446_18441725314075515_3913643526043035441_n
476838592_18441725218075515_3264030683464266756_n
2025 жылдың ақпан айын Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрымен бірге өткізіңіз!
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан сатып ала аласыздар!
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры жас драматург Әлішер Рахаттың қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қыр баласы» қойылымын сахналайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде театрдың көркемдік жетекшісі Темірбек Мұхтаров мәлімдеді.
Табылдының танымал «Биіктік» әнінің мазмұны – қойылымның басты идеясы. Қойылымда бард ақынның өмір жолы, студенттік шағы және өнердегі өсу жолы, жалпы тағдыры суреттеледі. Сонымен қатар әндері шырқалып, өлеңдері де оқылады. Осы драманы сахналау арқылы Табылды ағамыздың жаңа қырларын танытпақпыз, — деді Т.Мұхтаров.
Қойылымның қоюшы режиссері Шағуан Үмбетқалиев спектакльдің ақынның шығармашылығын жаңғыртып, оның рухани мұрасын жастарға насихаттау, сонымен қатар Табылды Досымовтың жеке тұлғасы мен шығармашылық жолын көпшілікке таныту арқылы ұлттық мәдениетке деген құрметті арттыру екендігін атап өтті.
Қойылымда Табылды Досымовтың өмірі мен шығармашылығының негізгі кезеңдері бейнеленеді. Көрермендер ақынның жүрегінен туған терең мағыналы өлеңдері мен әндерінің сахналық интерпретациясын тамашалай алады. Табылдының ішкі жан-дүниесі, өмірге деген көзқарасы мен қазақ қоғамындағы рөлі қойылымның басты арқауы болады, — деді ол.
Қойылым 17-18 қаңтарда Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында сахналанады.
2025 жылдың алғашқы айын Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрымен бірге өткізіңіз!
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан сатып ала аласыздар!
2024 жылдың 6-7 желтоқсан күндері жазушы-драматург Асылбек Ихсановтың «Қасым хан» тарихи драмасының премьерасы өтті. Премьераға автор А.Ихсанов және театр сыншылары арнайы келді. Театртанушылар Анар Еркебай мен Назерке Жұмабай екі күндік қойылымға қатысып, актерлардың шеберлігі, сахна құрылымы, тұтас қойылым туралы талдап, пікірлерін айтып, жалпы қойылымға жоғары баға берді. Сонымен қатар, премьераны тамашалауға Атырау облысы әкімінің орынбасары Ж.Бисембиев, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ә.Жоламанов және басқа да мекеме басшылары қатысты. «Қасым хан» тарихи драмасының екі күндік премьерасы аншлагпен өтіп, залға халық лық толды.
Қыстың алғашқы айын Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрымен бірге өткізіңіз!
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан сатып ала аласыздар!
Құрметті патша көңілді көрермен, назарларыңызға қараша айының репертуарын ұсынамыз!
Билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан сатып ала аласыздар! (сілтеме биода көрсетілген)
Арнайы аудандағы көрермендеріміз үшін біз театрымыздың репертуарындағы ең сұранысқа ие қойылымдарды сахналайтын боламыз!
Билеттерді Мәдениет үйі кассасынан ала аласыздар. Жүздескенше,көрермен!
#Mahambet #theatre #өнер #Махамбеттеатры