Фестиваль туралы - Mahambet-teatr.kz
20/11/2023

Фестиваль туралы

Дауылпаз ақын, жалынды жырау, күйші-композитор Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған I республикалық театрлар фестивалі қорытындыланды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Т.Әлімқұловтың «Қош бол, Қараой» қойылымымен Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры иеленді. 1-орынды «Жұбан» қойылымымен Батыс Қазақстан облыстық Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры қанжығаласа, 2-орынды «Әлиханның аманаты» қойылымымен Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры иеленді. Оған қоса,  Махамбет атындағы арнайы сыйлықты І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры «Алжир» қойылымымен жеңіп алды. 
Сондай-ақ, қатысушылар аталым бойынша марапатталды. «Үздік режиссер» номинациясын Гаухар Мангулова, «Үздік сценограф» номинациясын Темірбек Мұхтаров иеленсе, «Үздік ер адам бейнесін» Медғат Өміралиев, «Үздік әйел адам бейнесін» Нұрлыгүл Жұбатова иеленді
Ал, «Екінші пландағы ер адам бейнесіне» Рауан Таймас, «Екінші пландағы әйел адам бейнесіне» Жібек Үсенова лайық деп танылды. 
Сонымен қатар іс-шара барысында бірнеше сала мамандарына марапат табысталды. Атырау облысы ардагерлер кеңесінің «Сұлтан Бейбарыс» медалі Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловқа берілді. Ал, Махамбеттің 220 жылдығына арналған «Дауылпаз» медалі «Құрмет» орденінің иегері, «Шапағат», «Еңбек ардагері» медальдерінің иегері, театр және қоғам қайраткері Құжырғали Төлеуішов пен Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР «Құрмет» орденінің иегері Нұрнияз Мұқановқа табысталды. Сондай-ақ, Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер-ұшқыш «Хиуаз Доспанова» медалін ҚР Халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері Гульнара Жакупова иеленді. 
Сондай-ақ, бірқатар мәдениет қызметкерлері «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Олар Жеміс Тілепқалиева,  Бақтыгерей Телеубаев, Талап Балғынбаев, Балзия Кенжебекова,  Әміржан Нұрланұлы, Мырзабек Макулов,  Гүлжан Сакупова, Бақытбек Сартбаев, Еркінбек Сағындықов және Қайырлы Меңдіғали. 
Одан бөлек, салтанатты шара барысында фестивальге қатысушы театр ұжымдарына ҚР Мәдениет және Ақпарат министрілігінің, Атырау облысы әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.