Бұл ауқымды шараға Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, Иран, Түркия және Грузия елдерінен келген 11 театр ұжымы мен кәсіби сыншылар қатысты. Көрермендер назарына 11 түрлі спектакль ұсынылды.
Фестивальдің басты мақсаты – әртүрлі мәдениеттердің тоғысуына, шығармашылық тәжірибе алмасуға және театр өнерінің дамуына жол ашу. QITFEST – сахна арқылы тіл табысқан халықтардың бірлігін паш еткен ерекше алаң.
ҚР Президентінің кеңесшісі, «Баянды бақ» пьесасының авторы Отарбаев Мәлік Нұржанұлы «Баянды бақ» қойылымына қатынасып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрын Құрмет грамотасымен, ҚР Мәдениет саласының үздігі, театрымыздың актері Ержан Жұматовты ҚР Мәдениет саласының үздігі, Махамбет сыйлығының иегері, театрымыздың актері Бекет Зинуллинді Алғыс хатпен марапаттады.