Тәуелсіз еліміздің мәдени-рухани жетістігі жолында жан аянбай еңбек ету парызымыз. Бұл әр өнер адамының жүрегінде болуы тиіс ой.
Сағынтай Көпжасаров Сатыбалдыұлы – Театр директоры. 1980 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Дина Нұрпейісова атындағы музыка училищесінің домбыра-тенор музыка пәнінің мұғалімі мамандығын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Экономика және бизнес бакалавры» мамандығын тәмамдаған.
2002-2005 жылдар аралағында Атырау селолық саз мектебінде домбыра аспабы бойынша мұғалімі.
2005-2012 жылдар аралығында алғашында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында, кейін Амангелді халық театрында көркемдеуші болып еңбек еткен.
2012-2016 жылдары «Облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени-демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы» КМҚК-де түрлі лауазымда қызмет атқарды.
2016-2017 жылдары Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы басшының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары,
2017-2022 жылдары «Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» КМҚК басшысының қызметін атқарған.
2023 жылдың қаңтардың 4 ші жұлдызынан бастап Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының басшысы болып тағайындалды.