Жанр: Реквием
Ұзақтығы: 90 минут
Күні: 30/06 19:00
Уақыты: 19:00
Зал: Үлкен зал
Жас шектеуі: +16
Бағасы: 2 000 тг
Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесінің желісі бойынша сахналанған «Қош бол, Қараой» реквиемі Махамбет батырдың өмірінің соңғы күнін, ақырғы сәтін суреттейді. Исатай өлгелі 8 жыл 3 ай бойы жалғыздық зарын шеккен Махамбеттің қарапайым адами болмысы әркез сиқыр елестерден құтыла алар ма?! Ешқандай қантөгісті көрсетпейтін қойылым, батырдың тек жан күйзелісін ғана сезінуге күш салған.