Бес бойдаққа бір той - Mahambet-teatr.kz

Бес бойдаққа бір той

Жанр: Комедия

Ұзақтығы: 90 минут

Күні: 25/11 19:00

Уақыты: 19:00

Зал: Үлкен зал

Жас шектеуі: +14

Бағасы: 2 000 тг

Оқиға бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқан бес бойдақтың, яғни Қырманбай қарт пен оның төрт ұлының төңірегінде өрбиді. Әке балаларының отау құрып, үйлі-жайлы болғанын қалайды. Бірақ ұлдары сүйгендерін тапқанымен, алдымен әкесін үйлендіруді ұйғарады. Күтпеген жерден Қырманбай қартқа да қалыңдық табыла кетіп, оқиға осы тұстан қыза түседі.

Астарлы әзіл-қалжыңға толы қойылым қоғамдағы стереотиптерді, кейбір қазақи салт-дәстүрлерді, адам мінезінің қыр-сырын күлдіре отырып сынға алады. Көңілді әрі мазмұнды қойылым көрерменді баурап алары сөзсіз.