Сәуір айын Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры ұжымымен бірге әсерлі өткізуге шақырамыз!
Бұл ай театр сүйер қауым үшін ерекше болмақ. Репертуар мазмұнына көз жүгіртсек, көрермендерді терең драма, тағылымды ертегі және заманауи психологиялық қойылымдар күтеді. Әрбір спектакль – өзіндік ой, ерекше сахналық шешім және көркем әсер сыйлайтын туынды.
Сәуірдің алғашқы күндері А.П. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» драмасымен ашылып, көрерменді адам жанының тереңіне жетелейді. Одан кейінгі «Ұр тоқпақ» халық ертегісі кішкентай көрермендерге шаттық сыйласа, К.Мұраттың «Қуыршақтар» моно драмасы заманауи көзқараспен ерекшеленеді.
Ай ортасында Ш.Айтматовтың «Жәмиласы» сахналанып, махаббат пен тағдыр тақырыбын қозғайды. Ал «Әйел тағдыры» қойылымы көрерменді терең ойға жетелейді. Ай соңына қарай «Сіз кімсіз?» психологиялық драмасы арқылы адам болмысы мен ішкі әлемі ашылады.
Сәуір айының басты жаңалығы – А.Әуезханұлының «Ақыл патшалығы» ертегісінің премьерасы. Ерекшелігі – бұл қойылым сахнада екі тілде ұсынылады. Балалар үшін қызықты, ал ата-аналар үшін тәрбиелік мәні зор бұл спектакльді жіберіп алмауға кеңес береміз. Сонымен қатар, орыс тіліндегі «Царство разума» нұсқасы да көрермен назарына ұсынылады.
Сәуір репертуары – жаңа әсерлерге, жарқын эмоцияларға және ұмытылмас кештерге толы. Театрға келу – бұл тек демалыс емес, рухани байлыққа жол ашатын ерекше мүмкіндік.
🎫 Билеттерді Ticketon.kz сайтынан немесе театр кассасынан сатып ала аласыздар.
📍 Мекен жайымыз: Атырау қаласы, Абай көшесі 8 а.
Сіздерді театрда күтеміз! 🎭