Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры маусымдық қорытынды кешіне шақырады!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры сіздерді 29 маусым күні сағат 20:00-де «Сұлтан Бейбарыс» алаңында өтетін ерекше мәдени кешке шақырады.
Бұл кеш – театр өнерін сүйетін жандар үшін маусымдық қорытындыны бірге атап өтетін жарқын шара. Кеш барысында театр әртістері көрермендерге өздерінің үздік қойылымдарынан сахналық үзінділер, әсерлі әндер мен би өнерін ұсынады.
Бұл – өнер мен ықылас тоғысатын түн. Сіздерді ерекше әсер, көтеріңкі көңіл-күй және ұмытылмас сәттер күтіп тұр.
Театр маусымының қорытындысын бірге қарсы алайық!
Күні: 29 маусым
Уақыты: 20:00
Өтетін орны: «Сұлтан Бейбарыс» алаңы
Баршаңызды асыға күтеміз!
Cоңғы жаңалықтар