Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының 85-ші маусымының ашылуы жоспарланып отыр. Жаңа маусымның алғашқы қойылымы — Ш.Айтматовтың «Жәмила» драмасы. Қоюшы режиссері — Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, театрдың көркемдік жетекшісі Мұқанғали Томанов.
Көрермендерге етене таныстырып, алдағы іс-жоспарларды бөлісу үшін әдеттегідей баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады. Сонымен қатар, қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа маусым қарсаңында театр артистері ЖОО, колледждер мен мектептердегі жас көрермендермен көптеген кездесулер де өткізбек.
Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары апта сайын демалыс күндері Махамбет атындағы академиялық драма театрының қойылымдарын тамашалай алады. Соның ішінде марапаттарға ие болған спектакльдер де бар.
Cоңғы жаңалықтар