Театр әртістері Алматы сахнасында - Mahambet-teatr.kz
17/04/2025

Театр әртістері Алматы сахнасында

Бүгін Алматы сахнасында ҚР Президентінің кеңесшісі, «Баянды бақ» пьесасының авторы Отарбаев Мәлік Нұржанұлы «Баянды бақ» қойылымына қатынасып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрын Құрмет грамотасымен, ҚР Мәдениет саласының үздігі, театрымыздың актері Ержан Жұматовты ҚР Мәдениет саласының үздігі, Махамбет сыйлығының иегері, театрымыздың актері Бекет Зинуллинді Алғыс хатпен марапаттады.
Марапат иелерін құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, толағай табыстар тілейміз!