Құрметті көрермен!
Кешелі-бүгін театрға қалың көрермен ағылып, Бейбіт Сарыбайдың “Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат”
қойылымын тамашалады. Ауыл өмірін, балалық шақтың қызықты сәттерін, адамның жастық кезеңін дәлме-дәл суреттейтін сюжеттер, сағыныш сезімге жетелеп, арман-қиялға шомдыратын қойылым көрермен қауымның көңілінен шықты. Өйткені, екі күн қатарынан қойылған премьера аншлагпен өтті. Көрермен залы лық толып, бос орын қалмады. Премьераға шығарма авторы Б.Сарыбайдың өзі де арнайы келді. Сондай-ақ, премьераға сыншы, театртанушы Айзат Қадырәлиева қатысып, қойылымға өз бағасын берді.
Құрметті көрермен! Бүгін театрдың 86-шы маусымы ресми түрде жабылды. Келесі жаңа маусымда жүздескенше, көрермен!
Cоңғы жаңалықтар