Премьера - Mahambet-teatr.kz
07/02/2025

Премьера

Қай кезде де қоғамның дерті болған нашақорлык, індеті адам баласының басты мәселелерінің бірі. Оның тырнағына іліккен жанның тағдыры қашан да қорқынышты. Өзін-өзі жоғалтып, оқша-уланып, айналасын танымайтыны белгілі. «Сіз кімсіз?!» қойылымы — нашақорлык құрығынан шыға алмай, дертіне маталған жас жігіттің жан ай-қайын, ішкі дүниесін, қорқынышы мен күйінішін бейнелейді. Адам өздігінен нашақор болмайтынын, оған итермелеген себептер мен салдарды ашық қозғап, ащы шындықтарды ортаға салады.
«СІЗ КІМСІЗ?» қойылымын тамашалауға келген көрермендерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жылы қошеметтеріңіз бен қолдауларыңыз біз үшін үлкен мәртебе!