27 наурыз Халықаралық театр күні - Mahambet-teatr.kz
28/03/2025

27 наурыз Халықаралық театр күні

27 наурыз Халықаралық театр күні аясында “Uzdik-2025” І театрішілік фестиваль қорытындыланды

Наурыз айының 24-26 күндері аралығында “Uzdik-2025” І театрішілік фестиваль ұйымдастырылып, оған 3 қойылым қатысып, 6 номинация бойынша жүлде тағайындалды. Фестивальге Ә.Рахаттың “Қыр баласы” драмасы, М.Әуезовтың “Қорғансыздың күні” трагедиясы және Б.Сарыбайдың “Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат” қойылымы қатысты. Фестиваль қойылымдарын сараптау үшін Алматы қаласынан театр сыншылар келді. Олар: Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, өнертану докторы Бақыт Кәкиқызы Нұрпейіс және театртанушы Тәңірберген Ембергенов.
27 наурыз халықаралық театр күнінде салтанатты марапаттау кеші өтті. Кеште Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов құттықтап, театр қызметкерлерін және актерларды Атырау облысы әкімінің және Мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен марапаттады. Бірқатар театр қызметкерлеріне, ардагерлерге Ардагерлер кеңесінің төсбелгілері және Кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, театр мекемесі тағайындаған арнайы сыйлықтар табыс етілді. 87-ші маусым бойынша “жылдың үздік актері” — Ғазиз Сұраппаев және “Үздік актриса” — Тұрсынгүл Аманғалиева болып анықталды.
Сонымен қатар, театр күні іс-шарасы аясында “Uzdik-2025” І театрішілік фестивалінің қорытындысы шығарылып, жүлделі номинациялар табысталды. Атап айтқанда: «Үздік ансамбл» номинациясы – М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» трагедиясы үшін берілді.
«Жаңа есім» номинациясы – Б.Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» қойылымындағы «Бала» рөлі үшін Нұрбек Омар иеленді. Сондай-ақ, “Екінші пландағы үздік актер» номинациясы – Ә.Рахаттың «Қыр баласы» драмасындағы «Бала жүрек» рөлі үшін Райымбек Каденге, “Екінші пландағы үздік актриса» — Б.Сарыбайдың «Кішкентай ауылдағы үлкен махаббат» қойылымындағы «Келіншек» рөлі үшін Шынар Рамазановаға және “Үздік актер» номинациясы Ә.Рахаттың «Қыр баласы» драмасындағы «Маса» рөлі үшін Бақытжан Өтеғалиевке және “Үздік актриса» номинациясы М.Әуезовтың «Қорғансыздың күні» трагедиясындағы «Әже» рөлі үшін Ғазиза Бисеноваға берілді.
Театр күніне арналған мерекелік кеш ән мен жырға, марапаттарға толып боп, жоғары деңгейде аталып өтті.