Театр ішілік фестиваль - Mahambet-teatr.kz
30/01/2026

Театр ішілік фестиваль

10–15 ақпан аралығында театрымызда нағыз өнер сүйер қауым асыға күтетін театр ішілік фестиваль өтеді. Бұл – шығармашылық ізденіс, кәсіби шеберлік және сахналық өнердің үздік үлгілері тоғысатын ерекше мәдени оқиға.
Фестивальдің басты ерекшелігі – жыл үздіктерін кәсіби театр сыншыларының анықтауы. Яғни, әр қойылымға кәсіби көзқарас, әділ баға беріліп, сахнадағы ең үздік актерлік жұмыстар мен режиссерлік шешімдер сараланады.
Фестиваль аясында көрермендерге соңғы маусымдағы ең таңдаулы қойылымдар ұсынылады. Әр кеш – терең ой, шынайы эмоция және ұмытылмас әсерге толы болмақ.
Фестивальге қатысушы қойылымдар:
«Урод» — 10 ақпан, 19:00
«Сіз кімсіз?!» — 11 ақпан, 14:00
«Жоғалғандар» — 11 ақпан, 19:00
«Қасым хан» — 12 ақпан, 19:00
«Қуыршақтар» — 13 ақпан, 14:00
«Кездесу мен қоштасу» — 13 ақпан, 19:00
«Асауға тұсау» — 15 ақпан, 19:00
Билеттерді театр кассасынан және Ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Өнердің озығын бірге тамашалап, театр әлеміндегі үздіктерге куә болыңыз!