Театр күніне шақырамыз - Mahambet-teatr.kz
26/03/2026

Театр күніне шақырамыз

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры Халықаралық театр күніне шақырады!

27 наурыз – бүкіл әлем бойынша театр өнерінің мерекесі. Осы айтулы күнге орай Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше мәдени кешке шақырады.

📅 27 наурыз
18:00
📍 Театр ғимараты

Бұл кеш – өнер мен руханиятты тоғыстырған, шабыт пен шығармашылыққа толы ерекше шара болмақ. Театр ұжымы көрермендерге тек қойылым ғана емес, тұтас мәдени атмосфера сыйлауды мақсат етеді.

✨ Кеш бағдарламасында:

  • Қызыл кілеммен жүріп өту мүмкіндігі – әрбір қонақ өзін жұлдыздай сезінеді
  • Театр тарихы мен жетістіктерін қамтитын арнайы көрме
  • Мерекелік концерттік бағдарлама, сахналық көріністер

🎨 «Театр Арбаты» алаңы:

Бұл ерекше шығармашылық кеңістікте:

  • авторлық инсталляциялар
  • заманауи перформанстар
  • сахналық костюмдер көрмесі
  • суретшілердің картиналары
  • мүсін өнерінің туындылары ұсынылады

Кеш барысында сіз өнердің сан қырлы әлеміне саяхат жасап, театрдың сиқырлы атмосферасын толықтай сезіне аласыз. Қызыл кілемнің сәні, көрменің көркі және сахнаның шуағы – барлығы бір кеште тоғысады.

Өнер мен шабытқа толы бұл кешті бірге қарсы алайық!