Жыл қорытындысы - Mahambet-teatr.kz
09/02/2026

Жыл қорытындысы

2026 жылдың 5 ақпан күні Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов Атырау облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының 2025 жыл қорытынды есебін тыңдап, алдағы 2026 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты.
Кездесу барысында театрдың өткен жылғы шығармашылық жетістіктері, жаңа қойылымдар, фестивальдерге қатысу көрсеткіштері, көрерменмен байланыс кеңінен талқыланды. Сондай-ақ ұжымның кәсіби дамуы, жас мамандарды қолдау, гастрольдік сапарлар мен жаңа жобалар жөнінде нақты жоспарлар ұсынылды.
Ал алдағы жыл — жаңа идеялар, тың жобалар, батыл эксперименттер мен үлкен шығармашылық серпілістер жылы болмақ. Театр ұжымы көрерменді әлі де талай тосын сыймен қуантуды жоспарлап отыр.
Алда — жаңа белес, жаңа маусым, жаңа әсер!