Сіз кімсіз?! - Mahambet-teatr.kz

Сіз кімсіз?!

Жанр: Метафизикалық драма

Ұзақтығы: 60 минут

Күні: 28/04 19:00

Уақыты: 19:00

Зал: Үлкен зал

Жас шектеуі: +14

Бағасы: 2 000 тг

Қай кезде де қоғамның дерті болған нашақорлық індеті адам баласының басты мәселелерінің бірі. Оның тырнағына іліккен жанның тағдыры қашан да қорқынышты. Өзін-өзі жоғалтып, оқшауланып, айналасын танымайтыны белгілі. «Сіз кімсіз?!» қойылымы нашақорлық құрығынан шыға алмай, дертіне маталған жас жігіттің жан айқайын, ішкі дүниесін, қорқынышы мен күйінішін бейнелейді. Адам өздігінен нашақор болмайтынын, оған итермелеген себептер мен салдарды ашық қозғап, ащы шындықтарды ортаға салады.