Жанр: Комедия
Ұзақтығы: 90 минут
Күні: 19/05 19:00
Уақыты: 19:00
Зал: Большой зал
Жас шектеуі: +14
Бағасы: 2 000 тг
Оқиға — бір шаңырақта өмір сүріп жатқан бес бойдақ: Қырманбай қарт және оның төрт ұлының төңірегінде өрбиді. Әке балаларының отау құрып, үйлі-жайлы болғанын қалайды. Бірақ, ұлдары сүйгенін тапқанымен, алдымен әкесін үйлендірмек болып шешеді. Күтпеген жерден Қырманбай шалға да қалыңдық табыла кетіп, оқиға осы тұстан қыза түседі.
Қойылым көңілді юмор, астарлы қалжыңға толы болғанымен, қоғамдағы стереотиптерді, кейбір қазақи салт-дәстүрлерді, адам мінезінің қыр-сырын күлдіре отырып әжуалайды.
Көңілді әрі мазмұнды қойылым көрерменді баурап алары сөзсіз.