Жанр: Өң мен түс
Ұзақтығы: 90 минут
Күні: 09/11 19:00
Уақыты: 19:00
Зал: Большой зал
Жас шектеуі: +16
Бағасы: 2 000 тг
1944 жылдың 14 қараша күнінде Сталиннің қатаң нұсқауы бойынша немістер басып алады деген желеумен ахыска түріктері атамекенінен күшпен жер аударылады. Бәрін пойызға мінгізіп, қазақ, қырғыз, өзбек жеріне айдап әкетеді. Месхетикалық түріктер бұл пойызды «азап пойызы» деп атайды. Осы азапты жолда пойызға міне алмай, айдалада қалып қойған жүкті әйел Жасминді қазақ Әшіргүл әжей мен кенжесі Тасболат тауып алып, үйіне әкеліп паналатады. Хикая осыдан әрі шиеленісе түседі. Ел басына күн туған қиын-қыстау кезеңде халықтар арасындағы достық пен бауырмалдық үміт отын сөндірмейді.