Театрымызда өткен ІІ театрішілік фестиваль өз мәресіне жетті. Өнер мерекесі аясында арнайы шақырылған театр сыншылары сегіз қойылымды тамашалап, әр спектакльге кәсіби тұрғыда жан-жақты баға берді.
Бірнеше күнге созылған фестиваль барысында ұжымның шығармашылық ізденісі, режиссерлік шешімдері мен актерлік шеберлігі кеңінен сараланды. Сыншылар қойылымдардың көркемдік деңгейі, сахналық мәдениеті және тақырыптық өзектілігіне тоқталып, мазмұнды пікірлері мен нақты ұсыныстарын ортаға салды.
Сонымен қатар фестиваль шеңберінде дәрістік сабақтар ұйымдастырылып, театр мамандары мен әртістерге арналған кездесулер өтті. Онда «Қазіргі әлемдік театрлардың даму тенденциялары» және «Қазақстандағы театр фестивальдерінің даму үрдісі» тақырыптары кеңінен талқыланды. Бұл кездесулер шығармашылық көкжиекті кеңейтіп, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Фестиваль тек бәсеке алаңы ғана емес, шығармашылық өсу мен тәжірибе бөлісудің маңызды кезеңі екені тағы бір мәрте дәлелденді.
Осылайша, ІІ театрішілік фестиваль өз қорытындысын жасап, жаңа белестерге бағыт алған шығармашылық маусымның жарқын белесіне айналды.
Cоңғы жаңалықтар