МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ - Mahambet-teatr.kz
21/05/2025

МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР МАЙТАЛМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов қатысып, бірқатар өнер майталмандарына марапаттар табыстады.
Осы орайда, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының қос бірдей өкілі — мемлекеттік марапатқа ие болды.
Театр сахнасында жарты ғасырға жуық ғұмырын арнап келе жатқан актриса Күнайым Шаматова ҚР президентінің жарлығымен – “ҚҰРМЕТ” орденін өңіріне тақты.
Ал, талантты режиссер Гүлназ Қамысбаева ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл – жеке шығармашылықтың ғана емес, қазақ театрына деген биік құрметтің белгісі және ұжымның ортақ жетістігі деп білеміз.
Сондай-ақ, Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағының “Еңбек даңқы” төсбелгісімен театрымыздың аға машинисті Айдар Бисембиев, “Amanat” партиясының алғыс хатымен кадр бөлімінің маманы Есалиева Бейбітгүл және Мәдениет басқармасының алғыс хатымен театр әкімшісі Жасмина Ғалымжанқызы марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Өнерлеріңіз өрге жүзіп, көрермен құрметі мен мемлекет бағасы қатар жүре беріңіздер, әріптестер!